
14 Наурыз, 2025
150
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
2025 жылғы 14 наурыз күні Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен «Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» атты онлайн форматта республикалық семинар өтті.
Семинардың басты мақсаты – жастарды еңбекке баулудың маңыздылығын түсіндіру, оларды адал еңбекпен айналысуға және қоғамға пайдалы болуға ынталандыру.
Іс-шараға еліміздегі саяси реформалардың іске асырылу барысын халыққа түсіндіру үшін сарапшыларды даярлау жөніндегі республикалық Әдістемелік орталықтың өкілдері, Алматы қаласы мәслихаты депутаты, ҚХА құрылымдарының мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Модератор – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті Божбанбаев Бауыржан. Спикерлер – Алматы қаласы мәслихатының депутаты, республикалық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Әкім Тұрсұн, «Қазақстан ұйғыр жастары одағының» төрағасы Рустам Кайрыев.
Онлайн-семинар барысында әртүрлі сала мамандары мен сарапшылар өз баяндамаларын талқылай отырып, жас ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің маңызды аспектілерін талқылады. Олардың ішінде жастарға еңбек нарығында табысқа жету үшін қажетті дағдылар мен білім беру, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және адал азамат болып қалыптасудың маңызы туралы сұрақтар қарастырылды.
Іс-шара барысында, қатысушыларды еңбекке баулу саласында жаңа көзқарастар мен тиімді әдістермен таныстырып, жастардың қоғамға пайдалы болуына бағытталған әртүрлі жобалар мен бастамалар ұсынылды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, адал азамат болудың жолдары мен жастардың қоғамдағы рөлін арттыру үшін қандай нақты қадамдар жасау қажеттігін талқылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті