Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Шілде, 2015

1037

Белорус ЭМБ семинары

3 шілде күні Шығыс Қазақстан белорустары Беларус Республикасымен бірге Тәуелсіздік күні мен Беларусияны неміс басқыншыларынан азат ету күнін атап өтті. Достық үйінің жетекшісі жиналғандарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, белорус этномәдени бірлестігіне бірлік пен ынтымақтастықты сақтау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде Раиса Лущаева барлық белорустар үшін атаулы күн болған, Беларусияны неміс басқыншыларынан азат ету күніне арнаған өлеңін оқып, сол күндердің оқиғаларын, Жеңіс үшін жанын қиған ата-әкелерді, аға-бауырларды, жақындарын еске алды.

Осы мереке күніне орайластырып, белорус ЭМБ өкілдерін мұражай қызметкері, «Мәдени және рухани құндылықтарды дамыту және насихаттау, сақтау жөніндегі мұражай-қорықтың тәжірибесі» атты республикалық семинар-жиынға қатысқандары үшін алғыс хатпен марапаттады.

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы

Кейін қарай