24 Желтоқсан, 2019
1426
Қызылордада ІІ облыстық медиаторлар слеті өтті
Қызылордада ІІ облыстық медиаторлар слеті өтті. Оның аясында медиаторлар кеңесінің отырысы және оқыту семинары ұйымдастырылды.
Ең алдымен өңірде медиация институтының даму барысы мен атқарылған шаралар және оңтайлы тәжірибелермен бөлісу мақсатында жасақталған арнайы бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.
Медиация институтының сот төрелігін жүргізудегі рөлі туралы облыстық соттың бітімгер судьясы Клара Қаниева айтып өтті. Ал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Каюпов облыс орталығындағы медиация институтының даму барысы туралы баяндады.
Ел тыныштығын сақтауда елеулі үлесін қосып келе жатқан Қармақшы ауданының қоғамдық медиаторы, аудандық медиация кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев те сөз сөйледі.
Ал, мектепішілік медиацияны дамыту бойынша кәсіби медиатор, Қызылорда қаласының Белкөл кентіндегі №189 орта мектептің педагог-психологы Ботакөз Мадирова тұщымды ойларын ортаға салды.
«Жүйелі жұмыс ішкі тұрақтылықты сақтап, ұжым мен оқушылардың, ата-аналардың татулығын арттыруға оң септігін тигізеді. Қазіргі таңда оқушылар арасында ынталы жастар іріктеліп, жас бітімгерлер қатарына қосу жұмыстары жүргізілуде. Себебі, оқушылардың ұстазға қарағанда өзі қатарлас оқушыға ішіндегі жан сырын айтуға жақын болады. Оқушылар арасында түйіткілді мәселе анықталған жағдайда оқушы-медиатордың жәрдемі ерекше көмек болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, жасөспірімдердің қоршаған ортаның әрекеттерін қабылдауы өзгеше болады. Ересектерді бітімге шақыру бір бөлек, өтпелі кезеңде және түрлі әлеуметтік сатыдағы қарама-қайшылықтарды көріп жүрген жасөспірімдерді татуластыру ерекше бейімділікті талап етеді. Себебі, орынды айтылмаған бір ғана сөз жасөспірімнің психикасына кері әсерін тигізуі әбден мүмкін»,-деді.
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов өңірдегі медиация институтының дамуына, бітімгершілік бағытында жүзеге асырылған толымды жұмыстарға тоқталып өтті.
«Жыл басынан бері облыста медиация институтын насихаттауға бағытталған барлығы 88 түрлі кездесулер, дөңгелек үстел отырыстары, оқыту семинарлары мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылған. Облыс бойынша медиаторлардың көмегімен 2453 дау бойынша келісім орналытылып, дауласушы тараптар ымыраға келді.
Қоғамдық медиаторлармен барлығы 785 дау шешілсе, оның ішінде 238 дау бойынша сотқа дейін, 254 дау бойынша сотта медиациялық келісім орнатылған. Ал 293 дау қоғамдық медиаторлардың кеңес беруі нәтижесінде тоқтатылды.
Қарап отырсақ, сөз ағынында бұл тек қарапайым сандар болып көрінуі мүмкін. Оның астарында қаншама татуласқан бауырлар, араздықты ұмытқан достар мен қайта қосылған жанұялардың тағдыры жатыр»,- деп атап өтті Н. Байқадамов.
Слет соңында медиация саласын дамытуға сүбелі үлес қосып, еңбегімен көзге түскен медиаторлар мен сала мамандар Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
вчера, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
24 Сәуір, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
24 Сәуір, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
24 Сәуір, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының рөлін арттыру» тақырыбымен ZOOM-конференция өтті
-
Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің ұйымдастыруымен Ұлттық құрылтай отырысына қатысушылармен республикалық онлайн семинар өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Маңғыстауда «Бірлік түбі береке» атты мерекелік шара өтті
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Ассамблея жастары ұлттық ойындардан сайысқа түсті