
11 Наурыз, 2016
4390
Бейбітшілік балалар көзімен
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қарағанды қаласы «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық қоғамы ғимаратында «Бейбітшілік түсі» атты ІV балалар шығармашылығының көрмесі өтті.
Бейнелеу өнерінің сан түрлі техникасын меңгерген әртүрлі жастағы бүлдіршіндердің еңбектерін ұсынған көрмені Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен «Нюанс» балалар шығармашылығы студиясы ұйымдастырған болатын.
Көрме көрермендері акварель, акрил және майлы бояумен орындалған суреттерді көріп, жібек матада салынған көркемсурет, матадан өрнектелген пейзаждар, балауыз бен пластилиннен жабыстырылған сурет өнері, сондай-ақ, аралас техникамен құрылған коллаждарды сүйсіне тамашалады.
Жас суретшілерді облыстық этномәдени бірлестік өкілдері, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушылары және ата-аналар құттықтап, балалар талабына таңданыстарын жасырмады.
Көрмеге ерекше белсенді қолдау көрсеткен «Видергебурт» неміс орталығы» облыстық қоғамының қызметшілері неміс тілінде тілектерін білдірсе, балалардың қабілетіне риза болған ата-аналар қазақ халқының дәстүріне сай шашу шашып, кішкентай бүлдіршіндерді бір қуантты. Аталмыш мерекені ұйымдастырып, марапат қағаздарын табыс еткен ұйымдастырушыларға жас суретшілер «Рахмет!», «Danke!», «Thank you!» деп риясыз алғыстарын білдірді.
Неміс орталығының үйлестірушісі Ирина Кенинг: «Бейнелеу өнері – бала тәрбиесінде маңызды рөл атқарады десек артық айтқандық емес. Көркем өнер арқылы баланы патриотизмге, қоршаған ортаның ең жақсысын, ең мейірімдісін бойға жинақтап, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға мүмкіндік беретін өнер түрі», - дей келе, балалардың талабын тұншықтырмай, барлық жағдайды жасап отырған ата-аналарға рахметін айтып, «Нюанс» студиясына шығармашылық табыстар тіледі.
Балалар суреттерінің атауынан – баянды бейбітшілік орнаған шаңырақ астында тұрып жатқан бір тұтас мемлекеттің жасампаз ұрпағы өсіп келе жатқанын бірден аңғаруға болады.
Балғын балалықтың кіршіксіз, кірпияз ішкі дүниесін бейнелейтін көркем суреттердің көп болып, балалар шығармашылығының дамуына атсалысу, демеу болу – әрқайсысымыздың міндетіміз екені анық.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІККЕ ТОЛЫ 30 ЖЫЛ
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті