
14 Сәуір, 2016
1142
«Бейбітшілік елшісі»
«Спорт бейбітшілік жолында» велотуры аясында белгілі грузин саяхатшысы Нодар Беридзе Тараз жеріне де келіп жетті. Оның жоспарында 850 күнде 50 мемлекетті аралап, 50 мыңнан астам шақырымды еңсеру бар. Айтпақшы, бейбітшілік елшісіне жолдан халықтар бірлігін шырқайтын әнші Хурсанд Шеров те қосылыпты.
Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-де бейбітшілік елшісі - жетінші толеранттылық және бейбітшілік велотурын ұйымдастырушыны этномәдени бірлестіктердің өкілдері нанмен және тұзбен қарсы алды.
Жастармен жұмыс жасау бөлімінің әдіскері Дарья Бурмакина қонақтарды достық үйінің жеке мұражайымен таныстырды. Нодар Беридзе тараздықтармен кездесуді көптен бері ойлап жүрген екен. Міне, бүгін осындай мүмкіндік туып отыр. Жер бетінде бейбітшілікті сақтап қалу жолында аянбай күресетін осындай айтулы азаматтарға алғысын білдіру үшін залда халық көптеп жиналды.
«Дніпро» этномәдени бірлестігінің басшысы Федор Клименко біздің мемлекетіміз және де онда діні бөлек болса да бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көптеген этностар туралы айтып берді.
Одан кейін сөз қонаққа берілді: - Менің өмірім 2012 жылы аңыз адаммен танысқаннан кейін күрт өзгерді, -деді ол. - Ол адам қолды жазып бүгуден 14 дүркін чемпион және әлем чемпионы Джумбер Давидович Лежава. Д.Лежава еңбек сіңірген спорт қайраткері, ЮНЕСКО-ның бейбітшілік елшісі, табиғатты қорғау бойынша БҰҰ елшісі, Грузия мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1987 жылы ауыр операциядан кейін өзінің тез және толық жазылып кетуіне көмек болған жеке жаттығулар жүйесін әзірледі. 1990-1992 жылдары қолды жазып бүгуден бірнеше әлемдік рекордтар жасап, Гиннес кітабына енді. 2013 жылы Д.Лежава Грузия және басқа да қалалар бойынша велотур ұйымдастырып, толеранттылық пен бейбітшілікті насихаттады. 19 шілдеде біз екеуміз алдағы велотурдың жоспарын жасаған едік. 23 шілдеде ол кенеттен 75 жасында өмірден озды. Бұл хабар маған өте ауыр тиді. Мен оның ісін ары қарай жалғастыруға бел буып, велосипедке отырдым. Менің бұл - жетінші велотурым.
«Спорт бейбітшілік жолында» велотуры Грузия Католикос-Патриархының батасымен, халықаралық қауымдастық пен «Бәріміз біріміз үшін» халықаралық ұйымының қолдауымен басталды.
Велотур 2018 жылдың 22 мамырында аяқталады.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
Петропавлда СҚО ҚХА XXIV сессиясы өтті
-
«Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл»
-
«Бейбітшілік және келісім» ашық сабағы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
Петропавлда СҚО ҚХА XXIV сессиясы өтті
-
«Бейбітшілік пен келісімге 25 жыл»
-
«Бейбітшілік және келісім» ашық сабағы