04 Мамыр, 2021
593
Бейбітшілік пен келісім салтанат құрған күн
Тараз қаласының өңірлік Достық үйінің алаңында мерейлі мереке аталып өтті. Әттегенайы сол жыл айналып жеткен мерекенің өткен жылдардан өзгешелігі 1- мамыр күні Достық үйіне ағылатын жұрттың қарасы қалың болмады.
Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты шағын түрде ғана атылып өткен шараға аймақ басшысы арнайы келіп этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдерін құттықтады. Бердібек Мәшбекұлы өз сөзінде күні кеше ғана сессияда Елбасымыздың ҚХА билігін толығымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырғанын, сонымен қатар ҚХА алдына жаңа міндеттер мен тапсырмалар қойғанына тоқталды.
Мерекелік шараның негізгі мақсаты - Қазақстан этностарын топтастыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру; рухани бірлік идеяларын қалыптастыру және тарату, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту және сақтау болып табылады.
Іс-шараға Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық этномәдени бірлестік басшылары мен өкілдері, қолөнер шеберлері, ассамблея жастар және т.б қатысты.
Мереке бастауы қонақтарды радио-концертпен қарсы алудан басталып, ары қарай «Қоғамдық келісім» КММ «Ұзақ өмір сүру» орталығы және көрме залы қолөнер шеберлерінің келушілерге арналған арнайы көрмесін тамашалаумен жалғасты. Көрмеге облыстың әлемге танылып жүрген Айдархан Қалиевтың «Асыл-Дизайн» коллекциясынан бастап облыстың белгілі қолөнер шеберлерінің туындалары қойылып, төмен бағамен сатылды.
Мерекелік іс-шара соңы көрме алаңында Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер ассоциациясы қоғамдық бірлестігі өнерпаздарының даңғара және сырнай аспаптарымен әр халықтың әндерінен попурри орындалды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығында Жетісу облысындағы Ассамблея қызметі жөнінде тыңдау өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы