Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Желтоқсан, 2021

242

«Бейбітшілік пен келісім жолымен» телевизиялық жобасының Алматы облысы туралы сериясы шықты

«Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Алматы облысы жайлы «Бейбітшілік пен келісім жолымен» телевизиялық жоба сериясының тұсаукесері өтті.

Онда біздің мемлекетімізде тұратын түрлі этнос өкілдерінің бірегей тарихы ашылып, толық таныстырылған.

Фильмнің тұсаукесер шарасына Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы барлық құрылым өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты.

Айта кетейік, «Бейбітшілік пен келісім жолымен» деп аталатын «Хабар» телеарнасының телевизиялық экспедициясы Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыған еді.


Кейін қарай