Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Тамыз, 2015

4337

«Бейбітшілік пен келісімнің керуені»

2015 жылғы 21 тамызда Меркі ауданы Аспара ауылы және Сыпатай батыр ауылының № 9824 әскери бөлімінде ҚР Конституциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдық мерей тойы мен Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай «Бейбітшілік пен келісімнің керуені» атты іс-шара өтті.

2015 жылғы 21 тамызда Меркі ауданы Аспара ауылы және Сыпатай батыр ауылының № 9824 әскери бөлімінде ҚР Конституциясы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдық мерей тойы мен Қазақ Хандығының 550 жылдығына орай «Бейбітшілік пен келісімнің керуені» атты іс-шара өтті.

Аталмыш іс-шараға ауылдың орталық клубында ауыл тұрғындары, облыстық этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар орталығының көшбасшылары, облыстық этномәдени бірлестік мүшелері, ардагерлер мен  аналар Кеңесінің мүшелері, өкіметтік емес ұйымдар, Сыпатай батыр ауылының № 9824 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жатқан мерзімдік қызметтегі сарбаздар, әскери қызметкерлер,келісім шарт қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатындағы алғашқы құттықтау сөз КММ «Қоғамдық келісім» басшысы Р. Убайдуллаеваға берілді. Ол жиналған қауымды өткізіліп отырған «Бейбітшілік пен келісімнің керуені »жобасының мақсат-міндеттерімен таныстырып, ҚР Конституциясы, ҚХА 20-жылдық мерей тойы және Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтады.

Іс шара барысында облысымыздан барған, жергілікті өнерпаздары қосылып мерекелік концерт өткізді. Көрермен назарына шалқыған ән, күмбірлеген күй, мың бұралған би, ойын-сауық  ұсынылды.

КММ «Қоғамдық келісім» ғылыми сараптамалық топтың мүшесі Н.Кахаров «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын,Ұлт жоспарын 100 нақты қадамды және Қазақстан 2050 Стартегиясын жүзеге асыру, Облыс аймағы мен өңірлерінде тұратын азаматтар мен жастарға салауатты өмір салтын насихаттау, түрлі ұлт өкілдерімен, жастардың қатысуымен Қазақстандықтардың біртектілігін нығайту және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру жайлы баяндама оқыды.

Сонымен қатар жоба аясында Аспара ауылының әкімі Менен Рахымұлы мектепке жол акциясын өткізді. Ауыл тұрғындарының 1-сынып оқушыларын қолдау ретінде оқу құрал жабдықтарын табыстады.

Әскери бөлім басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары майор Дарын Нұрақымұлы егемен елімідің ағымдағы жылдағы елеулі мерейтойларымен, сондай-ақ қарулы күштердің шекара қызметінің құрылғанына 23 жыл толғанымен құттықтап, еліміздің ішкі сыртқы тыныштығын отанымыздың шекарасын қорғап жүрген сарбаздарды осы мерекелер қарсаңында алғыс хаттар, мақтау қағаздар және медальдарын табыс етті.

Кейін қарай