26 Мамыр, 2016
982
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының эстафетасы Ақжайық ауданына табысталды
Батыс Қазақстан облысында «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега жобасының эстафетасы Орал қаласынан Ақжайық ауданына жол тартты. Орал қаласынан келген делегация құрамында Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов, Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев, қалалық мәслихат хатшысы Аққали Әубәкіров, БҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, т.б қонақтар болды.
Қонақтарды аудан әкімі Әділ Жоламанов бастаған топ қарсы алып, қазақи дәстүрмен ақтан ауыз тигізіп, бауырсақтан дәм татқызды. Сонымен қатар, аудан әкімі бастаған топ велосипедшілер командасымен бірге аудан орталығын аралады. Ең алдымен делегация, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының тумасы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мақтанышымыз - Жұбан Молдағалиевтің ескерткішінің алдына барып, ақынның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Әдемі жырлар оқылды. Содан соң, келген қонақтар славян ұлттық – мәдени орталығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы Чапаев атындағы Ақжайық аудандық тарихи-өлкетану мұражайын аралатып, таныстырғаннан кейін, «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» эстафетасының негізгі мақсаты әр аудан көрші ауданға сонымен қатар ауылдарға жеткізіліп, жиырма бес жылдықта істелген жұмыстардың негізгі мақсаттарын, бағыттарын және жеткен жетістіктерді айта отырып, еліміздің осы жиырма бес жылдағы қарышты қадамын көрсете білуіміз керек», деді өз сөзінде Ғайса Қапақов. Сонымен қатар, еврей этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары Ф. Баюканский, Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Орынғалиев т.б көптеген қонақтар сөз сөйлеп, өз ойларын айтты. Іс-шара соңында Орал қаласынан келген әртістердің өнерлерін тамашалап, Орал қаласы әкімінің орынбасары Ғалым Орынғалиев эстафетаның символы «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» кітабын Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламановқа табыстады.
«Дөңгелек үстел» отырысы аяқталғаннан кейін қонақтар Орал қаласының мәдениет қызметкерлері көрсеткен концерттік бағдарламаны тамшалады
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
-
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
-
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
3 Қыркүйек, 10:26