
19 Ақпан, 2016
903
«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ 25 ЖЫЛЫ» АШЫҚ САБАҒЫ
19 ақпанда Петропавл қаласының № 8 эстетикалық тәрбие мектебінде «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» тақырыбында ашық сабақ болып өтті. Сабақты тартымды өткізу үшін іс-шараны ұйымдастырушы «Қоғамдық келісім» КММ ауқымды бағдарлама дайындады.
Оқушыларды «Қоғамдық келісім» КММ жетекші сарапшылары қарсы алып, өз ұйымдарының қызметі туралы айтты. Олар қазақстандық бірегейлікті одан әрі нығайту қажеттігін, оның азаматтық қағидада құрылуы керектігін түсіндірді. Бүкіл қазақстандық бірегейлік пен болашағы біртұтас елдің кілті Қазақстан мәдениеті болып табылады. Қазақстандық ұлттық рухтың басты қайнар көзі – жалпы рухани-адамгершілік құндылықтар негізіндегі халықтың бірлігі.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге ерекше назар аударған жөн. Бұл мақсатта білім, тәрбие беру, мәдениет жүйесінің, БАҚ, этномәдени бірлестіктердің ортақ күші жұмсалу керек. Мемлекет Қазақстандағы барлық этностық топтарының тілдерін дамытуды ойлайды. Елімізде тілдердің үш тұғырлылығын игеру қарқыны өсіп келеді. Қазір халықтың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Үш тілді білу – болашақ өмірге берілетін жақсы жолдама...
Сондай-ақ іс-шарада «Urpaq» қазақ-ағартушылық орталығы жастар қанатының басшысы Жібек Ғабдуллина сөз сөйлеп, өз орталығының қызметі туралы айтып берді.
Ашық сабақ аясында мектеп оқушылары фильм көріп, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының ауқымды қызметімен танысты. Одан әрі орта топтарда жұмыс және тақырыптық тренингтер өтті. Осындай сабақтар облыстың барлық мектептерінде жыл бойы өтетін болады.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
вчера, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
-
АУҚЫМДЫ МАСЛЕНИЦА 2025
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті