
06 Ақпан, 2023
475
Бибігүл Жексенбай: «Заң – халықтың көңілінен шыққанда ғана толыққанды жұмыс істейді»
Бұл туралы бүгін, Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Ұлттық құрылтай мүшелерінің этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен өткен кездесуде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Жексенбай мәлімдеді.
«Парламенттің Жоғары палатасының жаңарған құрамының қалыптасуы саяси жүйені қайта жаңғырту жолындағы тағы бір қадам болды. Сенат сайлауы жергілікті және республикалық деңгейдегі өкілді органдар арасындағы байланыстылықты көрсететінін ерекше атап өткен жөн. Бұл – халық өкілдерін біртұтас заң шығарушы билік жүйесіне байланыстыратын маңызды тетік. Ал бұл өз кезегінде, әрбір қабылданған заң халықтың көңілінен шығып, әділеттілікті қамтамасыз етудің кепілі», – деді сенатор.
Сонымен қатар Б.Жексенбай Ұлттық құрылтайдың – ұлтты ұйыстырушы фактор екендігін айтып, оның маңыздылығы мен атқарылып жатқан жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті.
«Ұлттық құрылтайдың мақсаты – біздің өмір сүру салтымызды, ішкі және сыртқы саясаттағы қарым-қатынастар, жалпы саяси-құқықтық мәдениетімізді қалыптастыру. Құрылтайға экономика, білім, ғылым, әлеуметтік және мәдениет салаларының қадау-қадау тұлғалары іріктеліп алынды. Президенттің арнайы тапсырмасына сәйкес сала бойынша жұмыс топтары жасақталып, қызметін бастап кетті», – деп атап өтті спикер.
Сенатордың айтуынша, азаматтар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, ой-ұсыныстарын e-gov платформасында арнайы ашылған e-Quriltay мобильді қосымшасы арқылы жолдауда. Бұл қоғаммен кері байланысты нығайтуға және түйткілді мәселелерге дер кезінде назар аударып, тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол этномәдени бірлестіктер өкілдерінің Құрылтай жұмысына белсенді атсалысып жатқандықтарын ерекше атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың халық өміріне әсерін, сайлаудағы өң өзгерістер, мажоритарлық сайлау жүйесінің іске асырылуы, жастар мен әйелдер қауымына квотаның бөлінуі және жалпы Сенаттың рөлі мен жұмысындағы жаңа бағыттар, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің Сенат құрамына өтуі туралы кеңінен айтылды.
Іс-шараға қатысқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, саясаттану ғылымдардың докторы Жомарт Сімтіков, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының құрметті төрағасы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Шаймардан Нурумов, Түркмен этномәдени бірлестігінің төрағасы Гульнар Аннакулиева, Қазақстан корейлер қауымдастығының төрағасы Юрий Шин, Жария дипломатия қоры президентінің стратегиялық мәселелер жөніндегі орынбасары Азамат Кужбанов және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де сөз сөйлеп, демографиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты өз ойларын айтты және жастар да, қозғаушы күш ретінде, үлестерін қосуға ниетті екендіктерін білдірді.
Жиын соңында қатысушылар ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына белсенді атсалысуға дайын екендіктерін жеткізді.
Айта кетсек, ҚР Парламенті Сенатының жаңа міндеттерінің бірі – этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеумен қатар, жергілікті Мәслихаттармен жұмысты күшейту болып табылады. Яғни, Мәслихат депутаттары Сенат арқылы заң шығару жұмысына ықпал ету мүмкіндігіне ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
-
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы