Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қазан, 2017

827

Бірдей және біртұтас

Петропавл қаласының Достық үйінде «АРДОС – Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасындағы «Золотое перо» облыстық шығармашылық конкурсының қатысушыларын марапаттау рәсімін өткізді.

Поэтикалық конкурсқа бүкіл облыстан түрлі жас шамасында мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысты. Қазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша Ақжар ауданынан келген Тілеулесова Алмагүл 3-орын үшін сыйлық алды. 2-орын Айсұлу Әбілеваға бұйырды. Ал бірінші орынды екі қатысушы: Петропавл қаласынан Шаламова Елена және Тимирязев ауданынан Айсина Асемгуль бөлісті. Конкурсқа барлығы 8 адам қатысты.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. «АРДОС – Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ директоры Кәрім Ақжан креативті және шығармашылық тәсілді бағалады. Жазылған өлеңдер жанға батып, қуаныш сыйлайды, комиссия мүшелерінің айтуынша таңдау қиынға түсті. Төрт жыл бойы бірлестік осындай іс-шараларды, шеберлік сыныптарды, көшпелі тренингтерді, семинарлар мен басқа іс-шараларды өз достарына – аталған ұйымның мүшелеріне өткізеді. Қиындықтарға қарамастан мүмкіндіктері шеутеулі жандар толыққанды өмір сүруде және  «АРДОС – Жүректе» өз достарын, ниеттестерін тауып, солармен бос уақыт өткізеді.  «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Сәлімхан Сәбитов осы ұйымды құруға қатысты. Бүгінгі таңда директор Кәрім Ақжан бірлестік мүшелеріне іс-шаралармен қатар, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған құралдар инфрақұрылымын жабдықтау бойынша Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік зерттеулер өткізеді. Алайда, қалада барлық қоғамдық орындарда пандустар орнатылмаған. Жуырда   Ақжан өз полиграфиясын ашты, одан түскен ақша «АРДОС – Жүректі» дамытуға жұмсалмақ. Сәлімхан және Ақжан Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын құрушы Шамиль Тауфикович Шакшакбаевтың шәкірттері болып табылады.

Жастар өз тәлімгерінің идеясын насихаттауды, әлеуеттерді дамытып, толыққанды өмір сүруді, мүгедектік туралы таптаурынды бұзуды, барлығына мүмкіндіктері шектеулі адамдар – қоғамның нағыз мүшелері екендігін дәлелдеуді жалғастыруда. Әрбір адамның мүмкіндігі шексіз, ал бөгеттер тек біздің сана-сезімімізде қалыптасқан. Қозғалыс пен жаңғыру – мемлекет табысының кепілі және мемлекет күші осындай адамдардың қолында!

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ҚММ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Дата события ассамблеи: 23.10.2017

Кейін қарай