Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Маусым, 2016

739

Бірлескен жұмыс позицияларын белгіледі

            Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ конференция залында Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық хатшылығының  меңгерушісі  Маржан Қожаеваның  басшылығымен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы, полиция капитаны Жандос Тойшыбековпен «Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім саласында заңдылықты қамтамасыз ету» тақырыбында кездесуі болып өтті.

            Елбасы Н.Назарбаевтың мақсатты саясатының арқасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында бірегей көп этностық мемлекет құрылып, азаматтық тең құқықтық тетіктері жетілдіріліп, қазақстандық бірлік қалыптасып, нығайып келеді,- деп атап өтті полиция офицеры. Жалпы айтқанда, саяси-құқықтық және институционалды-басқарушылық жүйесі тиімді жұмыс істеуде және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік нығая түсуде.

            Кездесуге қатысушы басшылар мен этномәдени бірлестіктердің белді мүшелері облыс жұртшылығы арасында Қазақстан халқы ассамблеясы жүйелері мен жергілікті полиция қызметі арасындағы бірлескен профилактикалық жұмыстарға байланысты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Қазақстан халқы ассамблеясы, Ішкі істер департаменті мен прокуратура арасында жасалған меморандумға қосымша облыстық ішкі істер департаменті жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына тығыз іс-қимыл үйлестіру мақсатында ассамблеяның белді мүшелерінен құралған топ енгізу туралы ұсыныстар жасалды.  Қазақстан халқы ассамблеясы мен құқық қорғау органдары арасындағы жүйелі түрде жүргізіліп отырған ақпараттық және іскерлік кездесулерді жаңалау керек деген шешімге келді.

            Этносаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында  ауылдық жерлерде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шеше отырып, жастардың білім алуы мен жұмысқа орналасуына байланысты жұмысты жаңа форматта пішімдеу керек деген ұсыныс жасалды. Бұл мәселелерді беделді кісілердің ықпалымен жергілікті атқарушы және өзін-өзі басқару органдарымен бірлесе отырып жасаған дұрыс.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында облыстық ішкі істер департаменті мен облыстық ассамблеяның басшылығы және белді мүшелері арасында үлкен кездесу өткізу жоспарланып отыр. Онда осы кездесуде қойылған және басқа да сұрақтарға жауаптар қайтарылып, бірлескен жұмыстардың алдын-ала қорытындылары айтылады. 

   

   

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі 

Кейін қарай