16 Сәуір, 2016
1454
БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ
130-дан астам ұлт пен ұлыс мекен ететін Қазақ елі әлемге татулық пен бірліктің үлгісін көрсетіп отыр. Біздің елде әр этнос өзінің салты мен дәстүрін берік ұстанып, тату-тәтті күн кешуде. Солардың ішінде этностар арасындағы татулық пен бірлікті нығайтуға әсер ететін фактордың бірі – этностардың құдандалық қарым-қатынастары.
Маңғыстау жерінде мекен ететін Айтбаевтардың шаңырақ көтергендеріне 14 жыл болыпты. Отағасы Нұржан, кәріс қызы Юлиямен Атырау өңірінде танысқан. Міне, содан бері жұптары жазылмаған олар бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр. «Мен Ақтауға қызмет бабымен 2000 жылы келдім. Ол кезде қала көркі солғын болатын, көліктер де қазіргідей ары-бері зулап жатпайтын. Сол кездің ең жарқын естілігі – екеуміздің танысуымыз. Ал, қазір бәрі өзгерді. Қаламыз күннен-күнге қанат жайып, көркейіп барады – деп еске алады Нұржан Айтбаев.
Отанасы Юлия Наурыз айында өзінің облыстағы үздік келіндердің бірі екенін көрсетті. Ол «Асыл келіндер» сайысында өзіне берілген сынақтарды мүлтіксіз орындап, бас жүлдеге ие болған.
– Менің ата-анам қазақ ұлтының азаматымен тұрмыс құрғаныма ешқандай қарсылық танытқан жоқ. Өйткені, бұған дейін менің ағам қазақ қызымен шаңырақ көтерді. Мен келін болып түскелі бері қазақ халқының барлық салт-дәстүрін орындауға тырысып жүрмін. Ата-енем келгенде кәдімгідей орамалымды тағып, иіліп сәлем етемін. – деді отанасы Юлия.
Отбасы өсіріп отырған балаларына екі елдің салты мен дәстүрін қатар үйретеді, ұстанады. Шаңырақтарында барлық мейрамдар екі жақты келісіммен салт-дәстүрге сай өтеді екен. Кәріс ұлтының ұлттық тағамдары да дастарханға қойылады. Отбасы бейбіт те берекелі елде ғұмыр кешіп жатқандарын бақытқа балайды.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Қызылордада Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Бірлігіміз - әралуандықта» жобасы таныстырылды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты