Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Сәуір, 2021

281

Бірлігі жарасқан елміз

Қазіргі таңда Қазақстан және онда тұратын барлық этностардың тыныс-тіршілігі әлемдік қауымдастықтың көз алдында. Қай елде болмасын өмір сүріп жатқан әрбір этнос өкілдерінің рухани және мәдени өмірінде бейбітшілік пен келісім және жасампаз еңбек болуы қажет екендігі белгілі. Онсыз демократияны қайта құру, мәдениетімізіді алға жылжыту және экономикалық тұрақтануды жүзеге асыру мүмкін емес. Мұның еліміздегі барлық шағын этникалық топтардың өкілдеріне тікелей қатысы бар.


Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін иемденгеннен кейін біздің қоғамымыздың тек өмір тіршілігінде ғана емес, сонымен бірге ұлттық саясатында да біршама өзгерістер болды. Қазақстан республикасының ұлтаралық қарым-қатынасында мемлекет жүзеге асырған, ұлттық қарама-қайшылықты шешуге және ондағы барлық этностардың ұлттық талап-тілегін орындауға бағытталған ұлт мәселесі жан-жақты дәлелді жүйедегі өлшемге ие бола бастады.

Қашанда тұғырлы татулықтың бастауы бола білген Түркістан облысы ассамблея мүшелері осы уақыт аралығында ел ертеңіне үндейтін байыпты бастамаларға ұйытқы болып, қашанда біздің қоғам үшін маңызды мәселелерге лайықты атсалысып келеді. Бір үйдің баласындай болған этномәдени бірлестіктер ассамблея шаңырағының астына топтасып, бірталай тындырымды тірліктердің темірқазығы бола білді.

Еліміздің тұңғыш презитенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Әрине, ұлттық құндылықтардың бәрі жас ұрпаққа отбасынан, балабақшадан, мектептен берілері анық. Жоғары оқу орындарында ол одан әрі тереңдетілуі тиіс.

Шындықтың шамы дарияның астында да жанады. Шын жүрекке тұсау жоқ. Қай істе болмасын ашықтық пен шындық керек. Абайдың «Адалдыққа еш нәрсе жетпейді» деп айтқан сөзі бар. Біздің елімізге, жерімізге деген адалдығымыз, ұлтымызға деген сүйіспеншілігіміз арта беруі керек. Елдің имандылығын, татулығын, тұтастығын, бірлігін ту етуіміз керек.

Біздің республикамыз көп ұлтты мемлекет. Бұл үшін біздер тек қана ірі этностар қазақтар мен орыстардың этномәдени ерешеліктерін зерттеп қана қоймай, сонымен қатар шағын этностарды да зерделеу қажет. Мұның барысында қазақ халқымен ағайынды бауырлас түрік этносын зерттеу қазіргі заманға сай және өзекті мәселе.

Түрік ұлттық – мәдени орталығы 1991 жылы ақпан айында ұйымдастырылды. Ал 1996 жылы ол Түріктердің «Ахыска» қоғамы болып атауын өзгертті. Республикалық қоғамның облыстық, қалалық, аудандық бөлімшелерімен және түрік этносы тығыз қоныстанған елді мекендерімен байланыстың құрылымдық жүйесі қалыптасқан.

Қоғам бірлестігінің бағыттары мыналарға сайып келеді:

  • Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттерінің, соның ішінде қазақ және түрік мәдениетінің өзара ықпалдастығына қызмет ету. Қазақстан мен Туркия арасындағы мәдени байланыстардың дамуына үлес қосу;

  • Түрік этносы арасында ана тілі мен тарихын оқып үйрену, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтау және дамыту бағытындағы мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруды жолға қою;

  • Түрік этносының мәселелерін зерттеу және республикадағы мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктерде, шетелдерде олардың мүддесін қорғау;

  • Түріктердің тарихын, мәдениеті мен өнерін басқа ұлт өкілдеріне таныстыру, насихаттау.

Осы бағытта Шымкент қаласы «Ахыска» түрік этномәдени қоғамының мүшелері, қоғамымыздың барлық саласында қызмет атқаратын тұлғалар ел бірлігі үшін аянбай қызмет етіп келеді.

Біздің елдегі қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат елді алалап, бөлуге емес, керісінше бірігуге үндейді. Осы тұрғыдан алып қарағанда ел игілігі жолындағы жұмыстардың жанынан табылатын ассамблея мүшелері ел болып ұйысу жолындағы байсалды бастамаға лайықты қолдау көрсетеді деген сенімдемін.

Еліміздің тұңғыш презитенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай қашанда тұғырымыз - тыныштық, тірлігіміз – тұрақтылық, тілегіміз – татулық болғай!

Құрбанов Ағапаша Гулалиұлы,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті

Филология ғылымдарының кандидаты

Шымкент қаласы «Ахыска» түрік этно-мәдени қоғамының мүшесі


Кейін қарай