
01 Ақпан, 2022
910
Бірлігіміз жарасқан елміз!
Кейде әрбір адам өздігінен батыл шешім қабылдауды қажет ететін қиын жағдайларға тап болады, қабылдаған шешімдеріне өзі жауап береді.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін алғашқы сұхбатын берді. Бұл сұхбат саясаттағы ашықтық үлгісі бола алады. Президент реформалар мен саясатты ашық жүргізу туралы батыл шешімдерімен бөлісіп, үлкен өзгерістерге жол бастады.
Президенттің айтуынша: "Бұл нағыз соғыс болды, жауапкершілікті өз мойныма алу қажеттігі туындады. Біздің заңға сәйкес, Жаңаөзен оқиғасынан кейін қару-жарақ бақылаудан шығып кеткен жағдайда қаруды қолдану жағынан шектеулер енгізілген. Сондықтан, мен көпшілік алдында мәлімдеме жасамас бұрын да қарулы қарақшыларға оқ ашу керек деп айттым. Мен жауапкершілікті өз мойныма алдым».
Президенттің бұл батыл іс-қимылдарына бүкіл Қазақстан халқы қолдау білдірді. ҰҚШҰ елдерінің әскерлерін шақыру ең дұрыс, дер кезінде қабылданған шешім болғанын уақыт көрсетті.
Сұхбат барысында саяси реформалар, сондай-ақ кадрлық өзгерістер тақырыбы да назардан тыс қалған жоқ.
Президент саясаткерлер қатарындағы жаңа тағайындаулар алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
Мемлекет басшысы кадрларды әлі де біліктілігі мен жұмыс сапасына қарай бағалау керектігін, тексерілген мамандар қажет екенін айтты. Сондай-ақ Президент реформалар тек кадрларды өзгертумен шектелмейтінін, өзгерістер тек жүйеге әсер ететінін түсіндірді.
Президент Қ. К. Тоқаевтың сұхбатынан кейін Қазақстанның болашағы туралы ой қалыптасты. Яғни, Мемлекет басшысы болашақтың білім, ғылым, жаңа технологиялар әлеуетіне және қазақстандықтардың әлеуетіне байланысты екенін атап өтті.
Сайып келгенде, халық қоғам мен бүкіл саяси жүйенің трансформациясы Қазақстанды экономикалық өсуіне әкелетініне сенімді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты
Ілияс Буларов
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Бірлігіміз - әралуандықта» жобасы таныстырылды
-
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды
-
«Бірлігіміз жарасқан!»
-
Бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек
-
Ө.Шөкеев: Түркістандық ЭМБ ішкі бірлігімізді нығайтуда бастамалар жаршысы қызметін атқарып келеді
-
«Этносаралық келісім саясаты: бірлігіміз әралуандықта»
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Бірлігіміз - әралуандықта» жобасы таныстырылды
-
Ақмолада «Еңбек пен бірлік жарасқан өңір» бірегей жобасы бастау алды
-
«Бірлігіміз жарасқан!»
-
Бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек
-
Ө.Шөкеев: Түркістандық ЭМБ ішкі бірлігімізді нығайтуда бастамалар жаршысы қызметін атқарып келеді
-
«Этносаралық келісім саясаты: бірлігіміз әралуандықта»