24 Қыркүйек, 2021
703
«Этносаралық келісім саясаты: бірлігіміз әралуандықта»
2021 жылы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Nur Otan» Қоғамдық саясат институты ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтымен бірлесіп, «Этносаралық келісім саясаты: бірлігіміз әралуандықта» тақырыбында Жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференция өткізді.
Конференцияның негізгі мақсаты – сарапшылар қауымдастығын ағымдағы процестерді, мәдени әралуандықты дамытудың заманауи трендтерін және интеркультурализм саясатын талқылауға тарту және ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Конференцияға мемлекеттік органдар, қазақстандық ғылыми-сарапшылық қоғамдастық мүшелері, этносаралық қатынастар саласында маманданған Ресей, Украина және т.б. елдерінің сарапшылары қатысты.
ҚР ПӘ ҚХА хатшылығы меңгерушісіның орынбасары Ерлан Абдақасов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сарым Айдос, Берік Абдіғалиұлы және ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы алғы сөз сөйледі.
Конференция аясында азаматтық қоғамның дамуы, қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының азаматтық санасы мен патриоттық сезімінің өсуі, ұлттық этносаясат мәселелері, бірлік пен келісімді нығайту, ынтымақтастық пен толеранттылық, достық пен өзара көмек дәстүрлері, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы практикалық міндеттерді шешудің әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу мәселелері талқыланды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: татулық пен келісімнің 30 жылы» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті