
27 Мамыр, 2016
880
«Бірлік - қайырымдылық арқылы»
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Президент Н.Ә. Назарбаев Ассамблея еліміздегі қайырымдылық қызметтің басты үйлестірушісі екенін атап өтті.
Қазақстан тарихында алғаш рет «Қайырымдылық туралы» Заң қабылданды. Ассамблея елімізде қайырымдылықты дамытуға жәрдем беру, қайырымдылық саласында үйлестіру және өзге де қолдау көрсету заңнамалық өкілеттіктеріне ие болды.
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Бірлік - қайырымдылық арқылы» ұранымен І Қайырымдылық бал өткізді.
Алғашқы Қайырымдылық балды өткізу барысында ұйымдастырушыларға облыстық және қалалық әкімдіктер, Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан» партиясының филиалы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық гвардиясының Әскери институты қолдау көрсетті. Жалпы алғанда серіктестер ретінде қала және облыстың түрлі 30 ұйымы болды.
Іс-шара вальс биімен ашылды, онда Петропавлдың 80 аруы және Ұлттық гвардия Әскери институтының курсанттары дөңгелене биледі. Кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар – барлығы да кешкі көйлектер мен костюмдер киген. Қайырымдылық балға қатысушыларды өңір басшысының атынан Петропавл әкімі Марат Тасмағанбетов құттықтады.
Бал барысында қайырымдылық аукцион өтті, онда құнды лоттар: Александр Винокуровтың Лондонда өткен Олимпиада ойындарындағы футболкасы, тұңғыш атағын алған кезде киген Жанат Жақияновтың қолғабы, «Құлагер» хоккей командасының киім үлгісі мен сырғытпа таяғы, «Қызылжар» футбол командасының добы және тағы басқалары қойылды. Сонымен қатар қолөнер жәрмеңкесі де өтті, мұнда қолайлы бағаға қолөнер бұйымдарын алуға мүмкіндік туды.
Жиналған қаражаттар Анастасия Шараповаға және Андрей Авдеюкке жіберілетін болады. Настя бауырын ауыстыру бойынша өткізілген операциядан кейін Мәскеу қаласындағы Шумаков атындағы трансплантология клиникасында оңалтудан өтуі қажет. Қыздың анасы донор болды. Андрейге бас миының дәл ортасында тұрған ісікті алып тастау үшін «КиберНож» операциясын жасау керек.
Іс-шара барысында барлығы 1 миллион 804 мың теңге жиналды.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
-
«АЗ-Бірлік» әзірбайжандар бірлестігі» ҚБ қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
-
«Қайырымдылық керуені» республикалық форумы өтті
-
Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда