
23 Мамыр, 2017
781
«БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» VII Халықаралық жастар этномәдени форумы
19 сәуір күні Павлодар облысында «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» шекаралас серіктестіктің VII Халықаралық жастар этномәдени форумы ашылды. Форум жұмысына Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінен: Омбы, Новосібір, Томск қалаларынан делегациялар, Алтай өлкесінен, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар қатарында Қазақстан облыстарының жастар ресурстарының орталықтарының жетекшілері, республикалық жастар ұйымдарының және этномәдени бірлестіктерінің көшбасшылары болды.
Студенттер мен жас кәсіпкерлер қонақтарды өздерінің бизнес-стартап жобаларымен таныстырды.
Өз тәжірибелерімен бөлісуге Мәскеуден Плеханов атындағы бизнес-инкубатор институтының директоры Руслан Мамедов, Израиль бизнес-инкубаторының жетекшісі, Тель- Авив университетінің кәсіпкерлік орталығының директоры Елена Донец, РФ медиаторлар қауымдыстығының мүшесі Олег Иванов келген болатын.
Пленарлық отырысқа келгендерге арнап сөз сөйлеген Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев: «ХХІ ғасырдағы этносаралық дипломатия: жаңа сын-қатерлер, жаңа үдерістер» тақырыбында сөз сөйледі. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко өз сөзінде игі бастамаларға тек қана қаржылай көмек көрсетіп қоймай, татулық пен келісім – Қазақстанның аса қуатты экономикалық құралы екеніне назар аудартты.
«Бүгінгі форум жастар дипломатиясына, этносаралық және этномәдени келісімге, тұрақтылыққа байланысты. Соған қоса бизнестің дамуы мәселесі қамтылады», - деді Павлодар облысы ҚХА жастар бірлестігі үйлестіру кеңесінің төрайымы Элина Паули.
Пленарлық отырыс С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Достық үйінде және жастраға қызмет көрсету орталығының үш алаңында өтті.
Пленарлық отырыс аяқталған соң, барлық қатысушылар ҚХА этномәдени бірлестіктері арнайы дайындалған «Бірлік болсын әлемде» деген концерттік бағдарламасын көрді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті