
23 Мамыр, 2017
1174
«Бірлік» форумы
Ағымдағы жылдың 20 мамыры күні Көксу ауданы Балпық би кентінің мәдениет үйінде 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай облыстық «Бірлік» форумы өтті.
Іс-шараға Алматы облысы ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары, белсенділері, қоғамдық келісім кеңесі, аналар кеңесі өкілдері, аудан тұрғындары, жастар қатысты.
Іс-шара қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған халықтар өмірінен бейнефильм көрсетіліп, қуғын-сүргін құрбандарын үнсіздікпен еске алумен басталды.
Іс-шара барысында Көксу ауданы әкімінің орынбасары Ұ.Досымбеков, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Г.Иорданиди, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев, облыстық Ішкі істер департаментінің ақпараттық-талдау орталығы бастығының орынбасары Ж.Тұрғанбекова, «Әйелдер құқықтары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Жұмағұлова сөз сөйледі.
«Депортациялық саясаттың қатал жағдайында қазақ жеріне ешбір дүние-мүліксіз көшіп келген халықтардың жан сақтауы тек қазақ халқының туысқандық көмегінің арқасында ғана мүмкін болды. Зорлықпен көшірілген халықтар қилы заманда қазақ жерінен пана тауып қана қойған жоқ, қиыншылықтарды бастан өткізе отырып, өздері және ұрпақтары үшін өз Отанын тапты. Мен осындай мейірбан, ұлы халықтың алдында басымды иемін. Олар дінімізге, тілімізге қарамай, бізді ерекше құрметтеді. Сол қатынас қазір де жақсы сақталған. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың арқасында бүгінде ҚХА құрылып, бізге деген қамқорлық одан сайын арта түсті», - деді форумда сөз сөйлеген Көксу аудандық «Нахичивань» әзірбайжан ЭМБ мүшесі Б.Бакишева.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық «Нахичивань» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен мәдени-көпшілік іс-шара соңы шығармашылық ұжымның концерттік бағдарламасына жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
Көкшетауда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтті