03 Мамыр, 2016
2270
Бірлік мерекесіне орай ұлттық киімдер байқауы өтті
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 1 – мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай, Ақтау қаласындағы №12 мектептің мұғалімдері арасында ұлттық киімдердің байқауы өтті. Мерекелік іс-шараға өңірдің этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен МОФ «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты. Мектеп директоры Гүлнар Нұрғалиева шараға жиналған меймандарды таныстырып, мерекемен құттықтады. Меймандар қатарында украин этномәдени бірлестігі мен Т.Г. Шевченко атындағы «Смеричка» өнерпаздар тобының мүшесі Людмила Кравченко, «Ала-ТОО» қырғыз этномәдени бірлестігінің өкілі Сүйінбай Жайгибеков пен әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Назлы Надирова болды. Ал, мектеп директорының орынбасары Әсел Айжанова – үндінің ұлттық киімі сари киіп, байқауды одан әрі ерекшелендіре түсті.
Халықтар достастығы мен ынтамақ, бірлігінен асқан байлық жоқ. Қазірде, елімізде 130-дан астан ұлт пен ұлыс бар. Бұл біздің елмен өзге ұлт өкілдері арасындағы берік достықтың белгісі – деді мектеп директоры Гүлнар Қуандыққызы
Байқаудың бір ерекшелігі - мектеп ұстаздары да өзге ұлттың киімдерін киіп, көпшіліктің таңдайын қақтырды. Ұстаздарға байқаудың өтуіне мектеп оқушылары көмектесіпті. Іс-шарада сайыскерлер ұйғыр, украин, өзбек әндеріне би билеп, жиналғандарды өнерлерімен тамсандырды. Тіпті, қатысушылар ішіндегі ұстаз апайлардың бірі өзбек халатын киіп, мұрт тағып ер азаматтың рөлін сомдады. Сондай-ақ, қазақ ұлтының мәдениеті, салты мен дәстүрі таныстырылып, ұлттық тағамдары дайындалды. Байқауда, украинның «Хуторянка» және де «Пидманула, пидвела» әндері айтылды. Қатысушылар әзірбайжан салты мен дәстүрін насихаттап, сонымен қоса қырғыз, сыған әндері шырқалды, әзіл, қалжыңдары айтылды.
Іс-шара соңында қатысушылар дипломмен марапатталып, әділқазылардың атынан Людмила Кравченко ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
МОӘА «Қоғамдық келісім»КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
18 Маусым, 09:23