11 Қыркүйек, 2020
1705
«Бірлік пен бейбітшілік – ортақ мүддеміз»
Дүниежүзілік бейбітшілік күніне орай облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханада «Бейбітшілік пен келісім елі» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу өтті. Бұл кездесу достығы жарасқан өзге ұлт өкілдернің қазақ халқына деген құрметін байқатты.
Кездесуді Жамбыл облыс әкімдігі «Қоғамдық келісім» мекемесінің көрме залының жетекшісі Вера Андреева сөз сөйлеп ашса, аталған мекеменің көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің қызметкері Берекет Қосбергенов ұлт өкілдерінің арасындағы достық жайлы кеңінен толғанды. Мұнан соң өзбек ұлтының өкілі, І топ көз мүгедегі Мұхабат Шаюнусов өзбек халқының ұлттық аспабымен бірнеше ән шырқап берсе, қырғыз ұлтының өкілі, І топ көз мүгедегі Тұрар Мамбетбаев өзінің қазақ халқына арнаған «Ынтымақ» атты өлеңін оқып беріп жиналғандарды риза етті. Әсіресе, «Қазақ пен қырғыз бір туған, Бөлінбеген еншісі» деген жолдарға көпшілік құрметпен қол соқты. Кітапхана оқырманы Еркін Махамбетов орындаған «Бұлқынды жүрек» әні, аталған кітапхана қызметкерлері Гүлнұр Құрақбаева мен Гүлсім Серікбаева орындаған қазақ халық әндерінен поппури де көпшілік көңілінен шықты.
Іс-шара барысында «Бірлік пен бейбітшілік – ортақ мүддеміз» атты екі бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Атап айтқанда «Бейбітшілік – әлем тірегі» бөліміне әлем мемлекеттері туралы кітаптар қойылса, «Бірлік пен бейбітшілік жаршысы» атты екінші бөлім Қазақстан мен әлем мемлекеттерінің достық байланысын қамтып, көрмеге шолу жасалды.
Кеш соңында облыстық «Jambyl» телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы белгілі журналист Бейсен Құранбек жайлы «Біздің Бейсен» атты кітапты сыйға тартты. Іс-шараны аталған кітапхана директоры Жанат Айтжанова қорытындылап, келген қонақтарға алғыс білдіріп, Б.Құранбек жайлы жазылған «Біздің Бейсен» кітабы брайл жүйесіне көшіріліп, зағип оқырмандарға да ұсынылатынын айтты.
Есет Досалы
Жамбыл облыстық ҚХА
Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі
Ұқсас жаңалықтар
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы қаласы
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
вчера, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06