Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Маусым, 2015

1125

«Біртектілік пен бірлік» тақырыбында өткен дөңгелек үстелдің хабарламасы

Өтетін күні, уақыты: 6 маусым, сағат 11.00

Өтетін орыны: Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы 20«А», Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимараты, 1-қабат, 118-кабинет 

Ұйымдастырушы: Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Модераторы:Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Ж.М.Нұршин кіріспе сөзбен ашып: «Ұлт жоспары 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттің» негізгі бағыттарына тоқталып, бүгінгі дөңгелек үстел «Біртектілік пен бірлік» тақырыбына арналады деп атап көрсете келіп,сөзді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы,философия ғылымдарының кандидаты Габдсаттарова Мукарама Габдель-Нагимовнаға берді. Ол «Проблемы исследования национальной идентичности  в контексте развития казахстанского полиэтнического общества» тақырыбына баяндама жасады. Баяндамасында Қазақстандағы ұлттық біртектіліктін зерттелу бағыты туралы әңгіме өрбітіп, Қазақстанда тұрып жатқан 131 этностың қалыпты тұрмысы мен қоғамдағы белсенділіктеріне тоқталды. Одан кейін Жұбатқан Керимсал Жұмабайұлы - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Тарих және аймақтану» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты,«Формирование профессионального государственного аппарата-залог успеха реформы»тақырыбы бойынша мемлекетік апараттын жұмыс жасау тәсілдеріне мысалдар келтірді, елдің жан-жақты ілгерілеуі басқару жүйесінің тиімділігінде екендігін айрықша атап көрсетті. Келесі сөзді Мұхамбеткалиев Есбол Есенбайұлы-Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасының аға оқытушысы,философия ғылымдарының кандидаты.  «Мәңгілік Ел» тұжырымдамасы біртектілік пен бірліктің айғағы тақырыбы бойынша жалғастырды. Біздің еліміз-130-ға тарта ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті, береке-бірлігі бұзылмай өмір сүріп жатқан бірден-бір мемлекет. Бұл біздің қоғамдық санамыздағы басты идеологияға айналып келе жатқан жаңаша сана деу керек. Осы төртінші реформаның ең негізгі мазмұны – «Мәңгілік Ел» идеясының аясында біріктіруші құндылықтарды негіз еткен қоғамдық жаңаша идеологиялық сана қалыптастырып жатыр. Елді біріктіруші құндылықтар-әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру, білім алу, еңбек сүйгіштік, зайырлылық және төзімділік, адамшылық, имандылық дер едім.   

Джамалов Шахбаз Илал-оглы- Ақтөбе қаласындағы «Әзербайжандар 

қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі  филиалының төрағасы бес реформа-100 нақты қадамға байланысты өз пікірін ортаға салды. Ел басы Н.Назарбаев Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін негізгі бағыттарды ұсынды, оны әр бір азамат түсіністікпен қарап, өз үлестерін қосу керек деп ойлаймын және баршаға ортақ міндет,деп есептеймін-деді.

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Ж.М.Нұршин дөңгелек үстелді қорытындылап, этномәдени бірлестіктердің алдағы атқаратың басты міндеттеріне тоқталды.

Шараға қатысушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік  мемлекеттік университетінің оқытушылылары,ЭМБ және БАҚ өкілдері.

Шараға 35 адам қатысты.

    

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы                     Г.Шерниязова

Кейін қарай