Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қазан, 2016

794

«Біз – Қазақстан азаматымыз» жастар интернет-конкурсы

2016 жыл бүкіл жерлестеріміз үшін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен ерекшеленуде. Біздің еліміз жылдан жылға гүлденіп, биік белестерден асуда. Халықаралық нарықта жетекші орынды бағындырып, елдің атын шығарған спортшыларымызды бүкіл әлем құрметтеуде... Осы және де өзге де мәселелер  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында өткен жастар интернет-байқауының ІІ бөлімінің қатысушыларының туындыларында жазылды. Қатысушылардың міндеті, өз шығармаларында ел үшін, біз үшін тәуелсіздігіміздің маңыздылығын айқындап көрсете білу болды.

Қыркүйек айының соңғы күні, байқау қатысушылары және қала тұрғындары Достық үйі алаңында жиналып,  әділ қазылар алқасының шешімімен жүзден жүйрік – мыңнан тұлпар атанған шығарма иелерін бағалы сыйлықтармен марапаттады. Іс-шара Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Доценко О.Б. құттықтау сөзімен басталып, әділ қазылар төрағасы,  «Ассамблея жаршысы» газетінің бас редакторы Кратенко А.И. жеңімпаздарды марапаттаумен жалғасты. Қазылар шешімі бірауыздан шығарылды. Галиева Малика 3-орын иегері атанып, ұялы телефонға арналған портативті қуаттағышты жеңіп алды. 2 орынды Колкуткина Ксения иеленіп, ұялы планшет ұтты. Бас жеңімпаз атағына ие болған Гуляков Константин  «Еркін және тәуелсіз елім менің - Қазақстан» атты шығармасымен гироскутерді жеңіп алды.

Сондай-ақ, байқау ұйымдастырушыларының онлайн – дауыс беруі арқылы тағайындалған «Көрермен көзайымы» жеңімпаздарына да сыйлықтар берілді. Көпшіліктің пікіріне сүйене отырып,  Астамирова Милана жоғары жылдамдықтағы велосипедтің иесі атанды. «Мен қалай Қазақстан азаматы атандым» атты туындысында жас шешен қызы ата-бабаларының қиыншылыққа толы жылдарда жер аударылып, қазақ жерінен өз Отанын тапқандары жайлы жазған. 

Іс-шара соңында, заманауи К-поп жанры  бағытындағы «Дэбак» ұжымының орындауындағы би барлық қатысушыларға жасалған сыйлық болды. Ал, бақытты жеңімпаздар сыйлықтарына қуана қолға алып, естелікке фотосуретке түсті.

Кейін қарай

Ұқсас жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар