Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Желтоқсан, 2015

1800

«БІЗ – БАСҚАМЫЗ, БІЗ – ТЕҢБІЗ, БІЗ – БІРГЕМІЗ!»

11 желтоқсан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз – басқамыз, біз – теңбіз, біз – біргеміз!» студенттік фестивалі болып өтті. Атаулы іс-шара Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы, облыстық мәслихат депутаты – парткуратор Раушан Досмағамбетованың сараптамалық тобының бірлесуімен ұйымдастырылды.

11 желтоқсан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Біз – басқамыз, біз – теңбіз, біз – біргеміз!» студенттік фестивалі болып өтті. Атаулы іс-шара Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобы, облыстық мәслихат депутаты – парткуратор Раушан Досмағамбетованың сараптамалық тобының бірлесуімен ұйымдастырылды.

Студенттік фестивальге облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы – Ерлан Құсайын, Қарағанды әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы – Бауыржан Рапиков және облыстық этномәдени бірлестіктер жетекшілері келіп, білім ізденушілеріне үлкен қолдау көрсетті.

 

Фестиваль шеңберінде әртүрлі этностардың қолданбалы өнерінің көрмесі қойылды. Аталмыш көрмеге «Неміс орталығы «Видергебурт» облыстық этномәдени бірлестігі, «Намус» облыстық әзірбайжан мәдени орталығы, «Спадчына» облыстық беларус мәдениеті қоры, Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде оқитын өзге ұлыс өкілдері мен индиялық студенттер атсалысты.

Көрмеге келген қонақтар қолдан оюланып тігілген киіз кілемдер, текеметтер, керамика мен мрамордан жасалған тұрмыстық бұйымдарды тамашалады. Облысымызда тұрып жатқан түрлі этностардың ұлттық киім-кешек үлгілерін көріп, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

Сондай-ақ, фестиваль бағдарламасы аясында тоғызқұмалақ, қазақша күрес, асық ату, арқан тарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Барлық қонақтар мен қатысушылар ұлттық ойындарды ерекше жігерлілікпен ойнап, көпшіліктің таңданысын туғызды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша фестивальдің негізгі мақсаты - студенттік ортадағы этносаралық қарым-қатынасты нығайту, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрі мен мәдениетімен танысу, сонымен бірге Қазақстан және әлем халықтарының мәдениеті мен әдет-ғұрпына сый-құрметті қалыптастыруға бағытталған студент жұмыстарын ынталандыруға бағытталған.

Фестивальдің салтанатты жабылуы гала-концертпен аяқталды. Концертте қатысушылар вокалдық және би өнерлерін ортаға салды. Әсіресе, индиялық тәлімгерлер қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» билеп шыққанда, көрермендер ерекше қол шапалақтап, қолдау көрсетті. Студенттер «келін түсіру», «беташар» сияқты халықтық салт-дәстүр мен ырым-жоралғылармен таныстырды.

 

Фестиваль осымен екінші рет өткізілді. Биылғы жылы Қазақстан халықтарының бірлігі, қоғамдық келісім мен толеранттылықтың шаңырағына айналған қоғамдық институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналды.

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: kelisim_krg@bk.ru

 

 

 

 

Кейін қарай