Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Наурыз, 2016

827

Біз Масленицаны шығарып салдық…

Петропавл қаласының Тәуелсіздік стеласы алаңында ең көңілді, ең сауықшыл және шынымен баршаға ортақ мереке - Масленица  өтті. Бұл күні Масленицаны шығарып салуға бүкіл қала тұрғындары алаңға жиналған секілді. Жан-жақтан әзіл-күлкі, әндер, сайқымазақтардың: «Приходите, гости дорогие, на широк двор, на горах покататься, сердцем потешиться, умом повеселиться, блинами насладиться!» деген қуанышты үндеулері естіледі.

Мерекеде халық жайдарлы болды. Барлығы өздеріне ермек тапты. Міне, құпия сыйлыққа ие болу үшін үстіндегі киімін шешіп, мұз басқан бағанаға қайырымды азаматтар өрмелеп шығуда. Бірінші болып шыққан адам  сыйлыққа тұрмыстық техника алады. Масленницаны құймақсыз елестету мүмкін емес! Оның дәмін барлық жерден көруге мүмкіндік болды. Орыстар масленницасының құймақтар сапасымен және санымен әйгілі екені сөзсіз. Қарамықтан, бидайдан, ашытқы салынып пісірілген құймақтар, үлкен де кішкентай, жұқа да жеңіл құймақтар.    

Ал көрермендер үшін ең басты оқиға мерекелік түрде безендірілген сахнада болды, онда театрландырылған көрініс көрсетілді, оған қалалық мәдениет үйінің ұжымдары жұмылдырылды: халық театры (басшысы Н.Окунева), «Звонница-Наследие» үлгілі вокалдық-хореографиялық казак ансамблі (көркемдік жетекшісі В.Ивашкин, хореограф Т. Утежанова), «Экспромт» би халық театры (көркемдік жетекшісі А. Маринец), «Звонница» орыс және казак әндерінің халық хоры (көркемдік жетекшісі В. Подолян, концертмейстер С. Снурницын), «Украинские вечерницы» ансамблі, жеке орындаушылар мен әншілер қатысты. Сайқымазақтар, түрлі костюм киінгендер, Масленица аруы «Было у тещи семеро зятьёв» орыс әні тақырыбындағы көріністі паш етті және әр түрлі халықтар әндері орындаушыларының конкурсын өткізді. 

Міне, сахна да тарлық етіп, той-думан алаңға алмасты. Сахна жанында өз конкурстық бағдарламаларын  «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ және «Братство сибирских казаков» ҚБ өкілдері өткізді. Мұнда не болмады десеңші! Үстелдер толық. Құймақтардың неше түрі бар: уылдырықпен, қаймақпен, балмен және тосаппен, тәтті, ет қосылған бәліштер, кулебяка, варениктер, тұшпаралар, бәліштер... Және де ыстық қою шай!

 Жүргізушілер Антон Гуторов пен Ольга Торопова жиналған қауымға Масленницаның әр күні жөнінде айтып берді және ойын бағдарламасын өткізді. Ер-азаматтар ағашаяқпен жүруден, жастықпен ұрғылау сайысында, қаппен жүгіруден, арқан тартыста ептілік пен күштерін сынады, «жұдырықтар сайысына» қатысты, онда боксшы қолғабын киіп, тістің көмегінсіз бірінші болып иристі ашуы керек еді. «Өз қайын енелеріне» жылы сөздер айтқан «күйеу жігіттер» көп құймақ алды. Осының барлығы әндермен, әзіл-қалжыңмен болды. Сауық-сайран, әзіл-күлкі және сайқымазақтар мерекенің сәнін келтірді.

Қыспен қоштасу сәті де келді. Жиналғандар әндер айтып, қол ұстасып айналып жүріп:

 «Масленица, прощай!

А на следующий год опять приезжай!» деген сөздермен Масленницаның сабаннан жасалған тұлыбын өртеді.  

Көбі Масленницаны отқа жағады деп қате  ойлайды. Шындығында ерте заманнан бері бұл қыстың аяқталғанын білдіретін салт ретінде ұстанады, көктем ерте, жылы да  шуақты болу үшін қысты «өртейді».

Күнәларынан арылуға ұмтылған адамдар бір-бірінен кешірім сұрап жатты. Бір-бірінен реніш үшін кешірім сұрау мүмкіндігі пайдаланып, басқа ұлт өкілдерінің де өкпе-реніштері үшін бір-бірінен кешірім сұрауы қуантады.

Нам всем, для мира и добра рождённым,

Воистину бы надо понимать,

Как хорошо, как важно быть прощённым,

Просить прощенья и уметь прощать!

Осындай көңілді, дүрмекті, барлығының басын қосқан мереке және керемет сәт қалалық әкімдіктің, «Қоғамдық келісім» КММ және СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы славян қоғамдық бірлестіктерінің ортақ күшімен өтті.

   

 

Галина Кузьмина

 «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ

баспасөз хатшысы

 

 

 

 

Кейін қарай