Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Наурыз, 2016

2605

Бізді бауырластырған Сарыарқа

Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатында «Бізді бауырластырған Сарыарқа» атты Алғыс айту күніне күніне арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны ұйымдастырған «Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қызметкерлері, облыстық этномәдени бірлестіктер және БАҚ өкілдері, мұрағатшылар, Қарағанды қаласының орта мектеп оқушылары қатысты.

Көктемнің алғашқы күні Қазақстан халқы Алғыс айту күні мерекесі тұңғыш рет атап өтілді.

Алғыс айту күні, ең алдымен, елімізде жарасымдылық пен жасампаздық, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының жүзеге асқан күні десек артық айтқандық емес. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған  қасиетті қазақ жеріне, жергілікті халықтың қайырымдылығына терең тағзым белгісі.

Қазақстан Компартиясының Қарағанды обкомы анықтамасының мәліметіне сәйкес, 1949 жылдың 1 тамызындағы Қарағанды облысының аймағында жалпы шамамен 40 000-нан астам арнайы қоныс аударған әртүрлі ұлт өкілдері болған. Оларды есепке алу үшін КСРО Ішкі істер министрлігінің 113 арнайы арнаулы комендатуралары құрылған.

Алғыс айту күні – азаматтық қағидаларға негізделген қазақстандық қоғамды дамыту арқылы ел бірлігін нығайту. Айтулы мереке Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылымен тұспа-тұс келуі кездейсоқтық емес дейді қатысушылар.

Қарағандылықтар үшін бұл мереке ерекше болмақ. Қарағанды облысының 80-жылдық мерейтойы осы жылы аталып өтіледі.

Іс-шара барысында «Бір шаңырақ астында» тарихи-құжаттамалық көрме ұйымдастырылып, Қазақстанның әр түрлі ұлт өкілдерінің қоныс аудару тарихына арналған облыстық мемлекеттік мұрағат қорындағы документалды фильмдер көрсетіледі.

   

 

Қарағанды облысы әкімі аппаратының

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

тел., WhatsApp: +77024190203

e-mail: info@kelisim.kz

 

 

 

Кейін қарай