Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Наурыз, 2022

485

«Біздің миссиямыз - жаңа қазақстанды құру»

Алматы қаласында «Ахыска» түрік этномәдени орталығымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылауға бағытталған жиналысы өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы мен Алматы облысы филиалдарының басшылары, ақсақалдар, жастар мен ғалымдар қатысты.

Жиналысты «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы, Дүниежүзілік түрік-ахыска қауымдастығының (DATÜB) президенті Зиятдин Касанов кіріспе сөзімен ашты.


– Барлығы ел азаматтарына, оның қажеттіліктерін естуге бағытталған. Бүгінде мемлекет халыққа, қарапайым адамдарға қызмет етуі тиіс. Таяу уақытта қарапайым қазақстандықтың өмірі қалай жақсаратынын бәріміз сезінеміз. Реформалар оң нәтиже береді. Жалпы, Біз Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған идеяларды қолдаймыз. Қазақстанда 200 мыңнан астам түрік-ахыска өкілдері тұрады және барлық өңірлерде осы Жолдауды талқылау бойынша кездесулер ұйымдастырылды, – деді «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы.

Сонымен қатар, «Ахыска» түрік этномәдени орталығының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Караев Алипаша Конститутциялық соттың маңыздылығына назар аударды:

– Конституциялық сотқа оралу - бұл елдің құқықтық саласындағы революциялық оқиға. Бұл сот моделіне оралу өте жақсы. Азаматтардың құқықтарын қорғаудың ең маңызды институты. Конституциялық сот қоғамды жандандырады, заңнамадағы олқылықтарды анықтайды, – деді.

Жиналыс барысында бір қатар тапсырмалардың орындалуын, алда атқарылатын ауқымды жұмыстардың бағыттары талқыланып, алдағы уақытта тапсырмаларға сәйкес ауқымды жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті.

Кейін қарай