Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Маусым, 2016

855

Біздің Пушкин

Тараз қаласының орталығында орналасқан ұлы ақын  ескерткіші жанына  ақынның 217–ші туған күніне орай дәстүрлі «Пушкин оқуларына» «Родонеж» Орыс қоғамдастығы көптеген қонақтарды жинады. Оған қолдау болған қалалық білім бөлімі мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.

Мерекелік іс-шараны «Родонеж» қоғамдастығы төрағасының орынбасары, көркемдік жетекшісі Владимир Сорокин құттықтау сөзбен ашты. Ескерткішке гүл шоқтары әкелінді, Орыс қоғамдастығының мүшесі, филолог, өзге ұлттар мен бүкіл әлемге танымал болған ақын шығармашылығының білгірі Татьяна Юлдашева жиналғандарға «Пушкин туралы» сөзін  арнады.

- Бүгін біз бүкіл әлемнің үлкені мен баласына дейін танымал болған ұлы тұлғаның туған күніне жиналып, оған тағзым етуге келіп отырмыз. Әдетте Пушкин біздің өмірімізге әртүрлі жаста келеді, бірақ әрбір бала балабақшадан бастап ақынның ертегілері және өлеңдерімен танысады. Себебі, қай ертегі болмаса да, ол бір тек өзіңе ғана арналғандай болып тұрады.

Ғасырлар өтсе де өмірде Пушкиннің туындысына сүйенеміз. Александр Сергеевичтің өмірі тым қысқа болғанымен, ол орыс және әлем әдебиетіне үлкен үлес  қосқан керемет шығармалар жасады.          

                «Пушкин оқуларына» қатысушылар алданда отставкадағы авиация подполковнигі, Ауғанстандағы соғыс ардагері Петр Вотинцев пен еңбек ардагері Татьяна Голышева ақынға арналған өздерінің өлеңдерін оқыды.

                Одан кейін Пушкин ескерткіші орнатылған саябақта түрлі ұлт өкілдерінің орындауында Пушкиннің өлмес шығармалары: №35 орта мектептің оқушысы Карина Нұрбекованың «Құранға еліктеу», №1 гимназияның оқушылары Анна Цой «У Лукоморья дуб зеленый», Зарина Сраилова «Я Вас любил» өлеңдері, №41 гимназияның оқушысы Маргарита Перевертованың орындауында «Цветок» өлеңдері оқылды. Біраз уақытқа дейін ақынның ескерткіші алдында сүйікті шығармаларын орындауға шыққан үлкен мен кішілер кезекте  тұрды.

- Ақынның сүйікті шығармалары сіздердің жүректеріңізде әлі көп уақыт сақтала берсін. Сіздерге өмірлеріңізде осы поэзияны алып жүріп қана қоймай, жалпы қазақстандық мәдениетіміздің бір бөлігі болып қала беруіне тілектеспін, - деп атап өтті «Қоғамдық келісім» КММ  этностардың тілі мен мәдениетін дамыту бөлімінің әдіскері Кенжебай Өмірзақов.

   

 

 

 Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Кейін қарай