Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Желтоқсан, 2019

1638

Қызылордада Пушкиннің 220 жылдығы үлкен театрландырылған қойылыммен аталып өтті

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Достық үйінде Александр Сергеевич Пушкиннің 220 жылдығына арналған «Пушкинді оқу және құрметтеу» театрландырылған қойылымын ұйымдастырды.


Достық үйінің кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде А.С.Пушкин атындағы қалалық орталық кітапханасының қорындағы 118 жылдан бері сақталған 1901 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Русские поэты» кітабы, облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасының қорындағы 1926, 1928, 1935 жылдары жарық көрген «Пушкин хаттары» кітабының түпнұсқасы мен көшірмелері қойылды.


И. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің оқушылары қойылым көрсетіп, «Я вас любил..» өлеңіне арналған романстан үзінділер орындалды.


Орыс композиторлары Пушкиннің лирикалық өлеңдерінің мәтіндеріне 70-тен астам романстар жазған. Қазіргі уақытта Ұлы ақынның 500-ге жуық шығармалары 3 мыңнан астам музыкалық шығармалардың негізіне алынған. Бұл - опералар, балеттер, романстар, спектакльдер мен фильмдерге арналған музыка.


Кеш барысында Славян этномәдени бірлестігінің белсендісі Алена Павлова «Евгений Онегин» өлеңіндегі романның үзіндісін сахналады.


Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектептің оқушылары екі дәуірдің диалогын құрды. Ал, «Абылай хан» колледжінің студенті Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін оқыды. Пушкиннің өлеңдерінен музыкалық шығармалардың ғажайып топтамасын жасаған композитор Георгий Свиридовтің «Пушкин вальсіне» М. Мәметова гуманитарлық колледжінің студенттері вальс биледі.


Абай Пушкиннің ең таңдаулы туындысы «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалағаны мәлім. Оның жеке үзінділерін бұдан бір ғасырға таяу уақыт бұрын асқан көркемдік шеберлікпен тәржімалап шықты.

Қойылым аясында «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі Никита Мясцов Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңін орындады.

Кеш соңында «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова театрландырылған қойылымға қатысып, белсенділік танытқан колледж, мектеп ұстаздары мен жастарын Алғыс хаттармен марапаттады.

Кейін қарай