
20 Желтоқсан, 2016
875
«БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ...»
17 желтоқсан «Достық үйі» ғимаратында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-сінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерейтойына арналған «Болашаққа бастар жол...» акциясы аясында театрландырылған қойылым конкурсы өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихын, желтоқсан құрбандарын еске алу. Өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, жастардың бойындағы актерлік қабілеттерін шыңдау. Оған Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшылығы, мемлекеттік мекемелер басшылары, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен жастары қатысты.
Конкурсқа Маңғыстау облысының ЖОО мен арнайы орта білім беру орындарының студенттері қатысып, жалпы 7 команда өнер көрсетті. Олар кәсіби актер болмаса да жүректі сыздатып, жан тебірентер қойылымдар қойды. Әрқайсы өз рөлдерін шебер сомдады. 1986 жылдың қанды желтоқсан оқиғасын суреттеп, тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақтың батыр ұл-қыздарының образдарын аша білді. Талантты жастардың қойылымдарын тамашалаған көрермендер де көздеріне жас алмай қалмады.
Сонымен қатар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Маңғыстау облысының талантты жастары ән шырқады.
Конкурста өнер көрсеткен командалардың мықтыларын әділ-қазы алқалары анықтады. Өнер көрсеткен әр команданы түрлі номинация бойынша марапаттады. Ал, мықтылардың ішінен суырылып шығып, бірінші орынға ие болған М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақтау көлік колледжінің «Мәңгілік Ел» командасы. Екінші орынды – «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің» «Желтоқсан жаңғырығы» командасы алса, үшінші орынды – «Ақ жол – жастар» жастар қанаты иеленді. Жүлделі орындарға ие болғандар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
«АССАМБЛЕЯ ҚҰРАМАСЫ» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮЛЕСІН АТАП ӨТТІ
-
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
-
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім жолымен» халық экспедициясы» жобасы аясында II пресс-тур бастау алды
-
ҚХА-НЫҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫМЕН» ХАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА
-
«АССАМБЛЕЯ ҚҰРАМАСЫ» ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУ ЖОЛЫНДАҒЫ ҮЛЕСІН АТАП ӨТТІ
-
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ҚХА МҮШЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
-
ҚХА мүшелері елордалық Достық үйінде мемлекет басшысының жолдауын талқылады