Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Ақпан, 2016

1573

«БОЛАШАҚ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА»

2016 жылғы 18 ақпанда Петропавл қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде ЕХРО – 2017-ге  арналған «Болашақ біздің қолымызда» атты жастар форумы өтті. Форумға қатысушылар: ЕХРО еріктілері,  СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогтері мен оқушылары, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ және қала колледждерінің суденттері болды.

Форум басталар алдында фойеде Назарбаев зияткерлік мектебінің студенттері мен форумға қатысушылардың жобалар, презентациялар көрмесі болды. Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017»  көрмесінің тақырыбы  – «Болашақ қуаты». Көрмеге қатысушы көптеген елдер «жасыл» технологиялар саласында маңызды әзірлемелерін көрсету мүмкіндігіне ие болады. 

Акт залында Expo 2017 Astana – City of the Future ролигі ұсынылды. Назарбаев зияткерлік мектебі директорының бейінді және эксперименттік жұмыс бойынша орынбасары Данияр Уәлиев еріктілік және ЭКСПО – 2017-ге СҚО-дан ерікті адамдардың қатысуының маңыздығы жөнінде сөз қозғады. Сондай-ақ «Қан-Сам» құрылыс компаниясының директоры Самат Исин және «Экология» ЖШС директорының орынбасары Алексей Хан  сөз сөйледі.

Жиынды қорытындылау сөзі СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимовқа берілді.

Ресми бөлімнен кейін еріктілерге концерттік бағдарлама және кофе-брейк ұйымдастырылды. Форум ЭКСПО – 2017 еріктілеріне арналған уәждемелік тренингпен тәмамдалды. ЕХРО – 2017  арналған «Болашақ біздің қолымызда» жастар форумын Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырып, өткізді. Жастар форумы «Болашақ қуаты және «жасыл» экономика бағытындағы Қазақстанның жолы» ұранымыен өтті. Оған 300-ге жуық адам қатысты. 

   

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

 

Кейін қарай