01 Маусым, 2020
853
«Болашақ үшін естелік» тақырыбында тарихи-танымдық онлайн конференция өтті
ҚХА және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Тараз қаласының Достық үйінде «31 мамыр – қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай «Болашақ үшін естелік» тақырыбында тарихи-танымдық онлайн конференция өтті.
Онлайн конференцияны М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Мамедова Парида Иманжанқызы жүргізді.
Алғашқы баяндамашы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Баярисов Режеп Оразбайұлы «1932-1933 жылдары Қазақстанда орын алған ашаршылық және оның саяси себептері мен салдарлары» тақырыбында баяндама жасады.
«Қазақ үшін қайғы-қасіретті, тарих бетінде өз таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ ұмытпақ емес. Біздің борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбан болған азаматтарының есімдерін ұмытпай, мәңгі есте сақтап, жас ұрпақ санасына бабалар аңсаған тәуелсіздікті, Қазақстанымыздың көркейіп, гүлдене түсуіне өз үлестерін қоса отырып, бейбіт өмірді бағалай білуге тәрбиелеу» - деді Режеп Оразбайұлы.
Сонымен қатар, аталған оқу орнының оқытушылары Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы «Әулие ата өңіріндегі саяси қуғын-сүргін: Ақиқат пен қауесет», Сейтқұлова Жанна Мамбетқызы «Жамбыл облысына депортацияланған этностар», Исмайл Хаджимуратов «Өмірін ұлын күтумен өткізген Шекер әже жайлы толғау» тақырыптарында баяндамаларын жасады. Конференцияның соңында басқа да қатысушылар тарапынан пікірлер айтылып, олар өз ойларын ортаға салды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01