Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Маусым, 2016

4301

«Ботай» археологиялық кешені

Солтүстік  Қазақстан облысындағы «Ботай» археологиялық кешеніне Қазақстан халқы ассамбеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов барып қайтты. Айыртау қаласында өткен кездесуге облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеев, Айыртау ауданының әкімі Ағзам Тастеміров, Солтүстік  Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамбеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов, ауданның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Ералы Тоғжанов көне тұрғын үйлерді қазу барысымен, топырақтан табылған материалдар: еңбек құрал-саймандарымен, табыну заттарымен, керамика және сүйек бұйымдарымен танысты. 

Ботай  ескерткішін 1980 жылы Солтүстік  Қазақстан археологиялық экспедициясы ашты. Энеолит дәуірінде Солтүстік  Қазақстан аумағында ботай мәдениетінің тайпалары мекендеген. Ботайдың қонысы б.з.б. IV- III мың, Иман-Бұрлық өзенінің оң жағасында орналасқан. Қазіргі уақытта сол жердің бетінде шамамен 100 тұрғын үйдің орны анықталды. Ботайлықтар жылқы шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен, еңбек құрал-саймандарын, керамика ыдыстарын жасаумен айналысқан.      

«Әлемдік қоғамдастықтың ғалымдары Ботай қонысын жылқыларды қолға үйретудің ең көне ескерткіші деп таныды», - деп айтып өтті археологиялық экспедицияның жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт, - Ботай мәдениетінің ашылуы Еуразияның бүкіл аумағын серпінді дамытуға әкелген атпен көлік қатынасын жасау заманының қалыптасуын білдірді. Орталық Азиядағы қазақтар мен басқа да этностардың мәдениеті осы кезден бастау алды. 

Ералы Тоғжанов өз сөзінде сапарға келуінің мақсатын баяндап,  Қазақстан халқы Ассамбеясының қызметі туралы айтып, «Ботай» жобасын іске асыру бірнеше әлеуметтік-гуманитарлық міндеттер қатарын шешуге мүмкіндік беретінін қозғады, олар: республика азаматтарының тарихи сана-сезімін ояту, азаматтық патриотизмге тәрбиелеу, туристік өнімді халықаралық туристік нарықта және Қазақстан ішінде алға бастыру, табиғи-мәдени мұраны зерттеуге бағдарланған белсенді өңірлік білім беру саясатын өткізу, патриоттық тәрбие беру, халық кәсіптерін қайта құру және өркендету. 

 Бүгінгі таңда «Ботай» қонысы – ХХ ғасырдың ең таңғаларлық археологиялық жаңалығы.

   

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі 

Кейін қарай