Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Мамыр, 2016

755

Челябі облысына қонаққа!

Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдік тобы Челябі облысының үкіметі мен өңірлік Достық үйінің шақыруы бойынша Славяндық жазба және мәдениеті күні мерекесіне барып келді.

Славяндық жазба және мәдениеті күніне арналған мереке С. Прокофьев атындағы концерттік залында өтті.  Іс-шара басталардан бұрын филармония фойесінде Верхняя Уфалеядан әкелінген тастар көрмесі, орамалды байлау бойынша шеберлік сабағы өтті, сондай-ақ қонақтар Челябі облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұсынған сирек кітаптарды көрді. 

Концерттік бағдарламаны құттықтау сөздерімен Челябі облысының мәдениет министрі Алексей Бетехтин, Челябі және Златоуст митрополиті Никодим, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас инспекторы  Болат Ибраев, сондай-ақ Қостанай облысы орыс қауымының төрағасы Юрий Ивлев ашты. Қазақстаннан келген өкілдер Челябі облысы халықтарының Достық үйінің директоры Юлия Лапидусқа Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан біздің өңірлер арасындағы достық қарым-қатынасты сақтау және дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хат ұсынды. 

Іс-шара соңында «Поют дети России» мектеп оқушылары хорының облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, олар «Летят перелетные птицы», «Клен, ты мой опавший», «Ах, вы, сени, мои сени», «Во поле береза стояла», «Солнечный круг» және т.б. көпшілікке мәлім әндерді орындап берді.

- Біз Челябі облысымен тығыз байланыстамыз. Бір біріміздің іс-шараларымызға барып, өңірдегі этносаралық келісімді сақтау тәжірибесімен алмасып өтырамыз, - деді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас инспекторы Болат Ибраев.

Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

 

 

Кейін қарай