Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қыркүйек, 2024

49

ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Қарағанды облысына барды

30 қыркүйекте ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының сектор меңгерушісі Қайрат Баймульдинов пен ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Қарағанды облысына барды.

Сапардың мақсаты - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасын іске асыру болды.

Кездесу барысында ҚХА қызметінің негізгі мәселелері, «Біртұтас қоғам: келісім және сенім» жобасын іске асыру, жалпыұлттық құндылықтарды одан әрі сақтау, азаматтық қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту жұмыстары талқыланды.

Одан кейін облыстың ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, денсаулық сақтау мекемелері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ, жұмысшылармен тақырыптық семинар-тренингтер өткізілді.

Лугмар Харкиевич жобаның мақсаты туралы баяндап, мемлекет пен қоғамның өзара сенім мәдениетін қалыптастыру, жалпыұлттық құндылықтарды, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтудың маңыздылығы туралы айтып берді.

Жалпы, кездесу барысы сындарлы диалогта өтіп, пікір алмасылды. Қорытынды бойынша алдағы жұмыста қаралатын және ескерілетін ұсыныстар берілді.

Кейін қарай