
03 Мамыр, 2016
1569
Чернобыль апатына 30 жыл
Халықаралық радиациялық апат пен зілзала құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды қаласындағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің қолдауымен «Долгое эхо Чернобыля» атты салтанатты жиын өтті.
Аталмыш кездесуге «Инвалиды-чернобыльцы Караганды» қоғамдық ұйымының төрағасы Олег Ким, «Инвалиды-чернобыльцы Караганды» қоғамдық ұйымының құрметті мүшесі Михаил Талалуев, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі, №52859 әскери бөлімі Аналар кеңесінің төрайымы Мария Фатеева, сонымен бірге, этномәдени бірлестіктер төрағалары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
1986 жылдың 26 сәуірінде Чернобыль атом электр станциясында бірнеше жарылыс орын алды. Бұл атом энергетика саласы тарихындағы ең ірі апат болды. Оқиға орнына алғашқы болып жіберілген 600 мың құтқарушы, радиацияның жоғары мөлшерімен уланды. Қазақстаннан 32 мың адам жіберілсе, оның 7 мыңнан астамы Қарағанды облысының тұрғындары еді.
Бүгінгі күні жарылыс салдарын жоюшылар саны облыс бойынша 580 болса, Қарағанды қаласында 220 апат құтқарушылары қалды. Атом зардабын жоюшылар саны жылдан жылға кеміп келеді, онымен бірге қоғамның бұл қасіретке немқұрайлығы артуда.
Аталмыш іс-шара, Украинада орын алған техногендік зілзаланың 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Жиын басында жиналған көпшілік өмірден озған құтқарушыларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Кездесу барысында әлемді дүр сілкіндірген зұлмат зілзаланың зардабы қызу талқыланды. Сондай-ақ, Чернобыль апаты құрбандарының көптеген жылдар бойы шешімін таппай жүрген өзекті әлеуметтік мәселелері де қарастырылды.
«Инвалиды-чернобыльцы Караганды» қоғамдық ұйымының төрағасы Олег Ким өз сөзінде: «Жойқын радиацияның зардабын жоюшылардың ерлігі туралы бұған дейін де аз айтылған жоқ. Өкінішке қарай, Чернобыль апатында өз өмірін өлімге тіккен 30 мыңнан астам қазақстандық құтқарушылардың көбісінен айрылдық. Қалғандарының түгелі онкологиялық аурумен науқас. Жыл өткен сайын олардың саны азайып келеді. Чернобыль қасіретін болашағымыз үшін есте сақтауымыз қажет. Ядорлық энергетиканы пайдаланудың қауіптілігін ескеріп, келешекте осы сынды апаттың қайталанбауына күш салуымыз маңызды. Осы күнге жете алмаған азаматтарды қайғырып еске аламыз. Ортамызда жүрген батыр құтқарушыларға ұзақ ғұмыр, денсаулық, ерлік пен төзімділік тілейміз», - деп айтып кетті.
Қарағанды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері құтқарушылардың батылдығына ерекше құрметі мен алғыстарын білдірді.
Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің мүшесі Мария Фатеева өз сөзінде құтқарушылардың ерлігін айта келе: «Бұл апат салдарын ғана жою емес, бүкіл бір мемлекетті құтқарған қайсарлық. Соғыс кезінде бейбіт тұрғындар отаны үшін денсаулығын, өмірін қиып, жауды кейін шегіндіру үшін аянбай күресті. Чернобыль батырларының ерлігі осы батылдықпен пара-пар. Сіздер өз бауырларыңызды, жақындарыңызды қорғадыңыздар. Біздің елімізді сақтап қалдыңыздар», - деп баса айтты. М.Фатеева облыстық Ассамблея мүшелерінің атынан барлық құтқарушыларға ризашылығы ретінде «Инвалиды-чернобыльцы Караганды» қоғамдық ұйымының төрағасы О.Кимге алғыс хат табыс етті.
Чернобыль апатын жоюшылардың бір ғана мақсаты болды – ол өз өмірлерін сарп етіп, апат салдарымен алысты. Дәл осы ерлікті олар патриотизм деп біледі.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Ә.Қайырбек Гималай шыңында күй орындап, ҚХА 30 жылдығымен құттықтады
-
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ДҮБІРЛІ КӨКПАР ОЙЫНЫ ӨТТІ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті