Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Сәуір, 2019

16443

Чуваштар – шумерлердің ұрпақтары, Василий Чапаев пен Владимир Лениннің отандастары

Чувашия – жүз мың әннің, кесте және сөздің отаны

Болашақ – туризмдікі десек, аспаздық туризм қазірдің өзінде әлемді жаулаған индустрияға айналып отыр

 

Жер бетінде кеңінен өркен жайып дамып жатқан, сонымен қатар керісінше жоғалу алдында тұрған көптеген халықтар бар. 

Жер шарында  ешқашан жоғалмайтын халықтар да бар, бірақ олар туралы жиі айтыла бермейді. Уақыт көрсеткендей, олардың бүкіл адамзатқа айтып, мәлімдейтін дүниесі өте көп. Олардың қатарына ұлы чуваш халқын әбден жатқызуға болар еді. 

Чуваштар Ресейдің солтүстігіндегі әкімшілік орталығы Чебоксары қаласы болып табылатын Чуваш Республикасында тығыз орналасқан. Чуваштардың саны көп емес, небәрі 1,5 млн. адамды құрайды, бірақ бұл олар туралы жаңа тың серпінмен бүкіл әлемге жар салуға еш кедергі келтірмейді. 

Чуваштар - Ресей Федерациясының саны жағынан бесінші этникалық тобы саналады. Чувашияда Ресейде тұратын барлық байырғы өкілдердің жартысы тұрады, қалғандары елдің барлық өңірлерінде, ал аздаған бөлігі - одан тыс жерлерде. Ең үлкен топтар - Қазақстан, Өзбекстан және Украинада өмір сүреді. 

Қазақстанның бір өзін 7 мыңнан астам чуваш халқының өкілдері мекендейді. Олардың басым бөлігі Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында шоғырланған. 

Чуваштар - Еділдің ежелгі және бірегей халықтарының бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, чуваштар бұрын «суварлар» этнонимін бүркеп өмір сүргендерін айтады. Біріншісі – «суар» сөзінен шыққан, яғни су адамдары деген мағынаны берсе керек.  Қазақ тілімен туыстық пен ұқсастықты сезінетін боларсы? Қазақ тілінде «су» чувашпен тең келеді. Яғни, «суар» – су астында тұратын адамдар, ал екіншісі – «сабар». Қазақ тілінде тағы да «сабыр» деген сөздің ұқсастығы бар, яғни бейбітсүйгіш, тыныш деген мағынаға саяды. 

Чуваштар алғаш рет өз мемлекеттіліктерін 1920 жылы кеңес билігінің тұсында алды. Кейін, 1925 жылы ол автономиялы республика болып өзгертілді. 

Чуваш тілі – халықтың 85% сөйлейтін, шын мәнінде өте қызықты тіл саналады. Бұл тіл – күнделікті тұрмыста қолданылып, мектеп, институттарда үйретіледі. Тілдің сөздік қоры өте ауқымды, жүз мыңнан кем емес, сондықтан да Чувашияны жүз мың әннің, кесте және сөздің өңірі деп жайдан жай атамаса керек. 

Чуваштар - ғасырлар бойы өздерінің түпнұсқалығын сақтай алған бірегей халық. Оларды ежелгі шумерлер мен ғұндардың ұрпақтары деп санайды, алайда чуваштар қазіргі заман тарихына да көп нәрсе сыйлап үлгерді. Кем дегенде Чувашия революция символы Василий Иванович Чапаевтың отаны саналады.  

Чуваш Республикасынан тыс жерлерде 79-дан кем емес чуваш ұлттық-мәдени автономиялар, қоғамдықтар, одақтар, бірлестіктер тіркелген. Олардың барлығын чуваш ұлттық конгрессі біріктіреді. Қазақстанның бір өзінде беске жуық этномәдени орталық жұмыс істейді. 

Ежелден бері қазақ ұлтындағыдай, чуваштардың отбасыларында мықты отбасылық, тектік байланыстар сақталған.  

Чуваштардың басты байлығы - отбасылық қарым-қатынас және үлкендерді құрметтеу саналады. Дәстүрлі түрде отбасында үш ұрпақ тұрған, қарт адамдарға қамқорлық жасалады, ал олар өз кезегінде немерелерін тәрбиелейді. Халықтың ұлттық фольклоры ата-аналарға арналған әндерге толы. 

***

Әрине, әр халықтың өз қаһармандары бар, оларды мақтан тұтады,  есте сақтайды және құрметтейді. Чебоксарыға жақын жерде туған Чувашияның ең танымал тумасы - атақты Василий Чапаев. Ол революцияның нағыз символы және ұлттық фольклордың кейіпкері болды: ол туралы фильмдер түсіріп қана қоймай, орыс тапқырлығы туралы ойдан құралған  өткір анекдоттар да кең тараған.

Есімі әлемге танымал чуваш халқының тағы бір көрнекті өкілі – Владимир Ильич Ленин – көрнекті төңкерісшіл, сөзші, пәлсапашыленинизмнің негізін қалаушы, большевиктер партиясы көкейтесті құрылтайшылардың бірі, Кеңестік Үкіметін басқарушысы.

Ғарышты бағындырған үшінші кеңестік азамат Андриян Николаев та Чувашиядан. Оның жеке жетістіктерінің бірі - әлемдік тарихта алғаш рет скафандрсыз орбитада жұмыс істеуі.

Ал біздің бүгінгі сөз қозғайтын кейіпкеріміз,  өз Отанының – көпұлтты Қазақстанның игілігі үшін Көкшетау қаласында өмір сүріп, еңбек етеді. Ол жан туралы көп айтылып қана қойылмайды, көпшілік оған қайырымды, ізгі істер мен әрекеттері үшін шын жүректен алғысын білдіріп, батасын береді.

Оны жерлестері мейірімді жүрегі, айналасындағыларға және көмекке мұқтаж жандарға немқұрайлы қарамайтындығы үшін жақсы көреді. Ол тек сүйікті ана, қоғамның белсенді мүшесі, чуваш этномәдени орталығының жетекшісі, әлемдік деңгейде танылған бірінші санатты аспазшы ғана емес, сондай-ақ, тамаша ұйымдастырушы, басқарушы, өз ортасына сыйлы адам. 

Ал ең бастысы ол бүгіндері  - ерте жастан жетім қалып, көзі тірі ата-аналарының барында жетімдер үйінде тұратын Ақмола облысындағы көптеген балалардың сүйікті, өз беттерімен қозғала алмайтын мүмкіндігі шектеулі балалардың мейірімді Анасы. Ол күллі әлемге айтары көп «күн» балаларына қамқор Жан. Әр түрлі сырқаттары бар, төсекке немесе арбаға  таңылған балаларға, туған-туысқандарымен ұмытылған,  бірақ Жаратушының назарындағы балаларға ашық және ерекше жаны, үлкен жүрегі бар біздің кейіпкеріміз - Елена Мащинская дер кезінде көмекке асыға жетеді. Елена Ивановна сияқты адамдар жер бетіндегі барлық балаларды жүрегіне сыйдырып, өз махаббаты мен мейірімділігін сыйлап, еш аянбастан, соңғы тамшысына дейін қамқорлық жасауға дайын. 

«Менің арманым, менің өмірімдегі ең маңызды іс – аспаз, кондитер мамандықтарында жоғары деңгейге жету», - деп жазады Елена Мащинская.

Сонау 1990 жылдары біздің кейіпкеріміз араға 10 жыл салып кондитер мен аспаздық индустрияда қандай да бір биік табыстарға қол жеткізіп, республикалық федерацияны басқарып, халықаралық деңгейде мойындалатынын елестетті ма екен? Әрине, жоқ. Бірақ тағдыр барлығын басқаша шешті.

2008 жылы Тәуелсіз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Көкшетау қаласына келіп, облыс активімен кездескенде, оның  батасын алды. Сол кезде Президенттің кездесуі мен қол алысуы Мащинскаяның тағдырын біржола өзгертті. 

Біздің кейіпкеріміз Самара облысында дүниеге келді. Алайда көп ұзамай отбасы жағдайы бойынша Қазақстанға көшіп келеді. Алдымен болашақ табысты кәсіпкердің тұрғылықты жері Қарағанды, содан кейін 23 жыл өмір сүріп келе жатқан Көкшетау болды. Оған еңбек сіңірген мұғалімнің тағдырын болжағанымен, ол өзін толығымен аспаздық іске арнады. 

Шыңға жетелер жол өз бастауын Қарағандыда алды, ол жерде есепшінің шәкірті ретінде мейрамханаға орналасады. Кейін, сауда-кулинарлық техникумды бітірген соң, технолог мамандығын алып шығады. Көкшетау туралы ол әркез ерекше жылылық сезіммен айтып отырады. 

«Біздің адамдар өте мейірбан. Бұл қалада менің ұлым дүниеге келді. Мен Көкшетау қаласына көп күшімді арнадым, сондықтан да болар түрлі іссапарлардан қайтқанда өзімнің қаламды қалай жақсы көретінімді толық сеземін! Менің екі балам – ұл мен қызым бар. Қызымның өзі ұл бала тәрбиелеп отыр, сондықтан мен бақытты әжемін. Ұлым да ересек, жасы 22-де», - деп бөлісуде Е. Мащинская. 

 «Барлық мерекелерді үйде атап өтуге тырысамын. Жаңа жылды, Масленицаны, Пасханы, кешірім жексенбісін ерекше жақсы көремін. Әрине, туған күнімді де. Барлық отбасы мүшелерінің бір үлкен дастархан басында жиналғанын құптаймын. Біздің заманда бұл сондай сирек кезедстеін құбылыс. Қоршағандардың өміріне қарасаң, барлығы асығыс, жүре тамақтанады. Ал үстел басында тек тамақтанып қана қоймай, араласып, шүйіркелесіп,  жаңалықтармен бөлісіп, қамқорлық жасауға да болады емес пе», - деп сөзін тарқатады Елена Ивановна. 

Бүгінгі күні Е. Мащинская тамақтану жүйесінде ірі кәсіпорынға басшылық етеді. Шамамен 40 жыл саналы өмірін кәсіби аспаздық қызметіне арнады. Оның өмірі жылулықпен, үйдегі жайлылықпен, тағам пісірумен, пештің ыстық отымен тіке байланысты. 

Еш уақытта ешнәрсеге оңайшылықпен қолы жетпейтін Елена Мащинская алты жасында анасын жоғалтып, бала кезден ең жақын адамды жоғалтудың ауыр азабын бастан өткерді. Бірақ бұл ауыр сынақтар оның мінезін одан бетер қайрай түсті. Ол ешуақытта да өзгенің қайғысы мен қиындығына немқұрайлы қарамайтындығымен ерекшеленеді. 

2003 жылы Елена Мащинская Қазақстан Республикасы ұлттық аспазшылар қауымдастығының президенті болып, 2005 жылы Көкшетау жұмыс берушілер одағының төрайымы, ал араға төрт жыл салып – туған қаласындағы кәсіпкерлер қауымдастығына басшы болып сайланады. 

2014 жылы бизнес-ханым өз қызметін түбегейлі өзгертеді. Өзінің жинақталған өмірлік тәжірибесін басқа арнаға бағыттауға – Чуваш этномәдени орталығының жұмысын ашу және дамытуға шешім қабылдайды. 

Өзінің талапшылдығы, еңбекқорлығы және ұтқыр шығармашылық тәсілдерді қолдана білуінің арқасында әрбір жаңа іске қоғамдық бірлестіктің жұмысын дұрыс жолға қойып қана қоймай, оның жаңа мазмұн мен мағынамен толтырып, орталықтың жұмысы үйлесімді дамып, жұмыстың жаңа сапалық деңгейіне шығып отыр. 

Ақмола облысында чуваш ұлтының 1000-нан астам азаматы өмір сүреді, орталық белсенділері қатарына әртүрлі жастағы 30 адам кіреді. 

Бірлестік Қазақстанда тұратын чуваштардың: чуваш мәдениеті, тілі, өзіндік ерекшелігі және ұлттық дәстүрлерін, этномәдени құндылықтарын сақтауға жәрдемдеседі. 

Бірлестік Ақмола облысында тұратын чуваштар туралы мәліметтерді жинау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. «Шаңырақ» мектебінде Чуваш тілін оқыту бойынша сынып ашылды. Чуваш этносының көрнекті қайраткерлерінің портрет-кештері өткізілді. Мысалы, еңбек ардагері, алғашқы тың игеруші, өнертапқыш Осип Троицкийдің портреті және ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Валерий Тарасовтың мерейтойлық кеші көпшіліктің есінде ұзақ қалары анық. Орталық белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ өткізілетін іс-шараларға молынан қатысады.

Халық шығармашылығын насихаттау мақсатында орталық «Сұлулық әлемді құтқарады» атты  кесте тігудің байқау-көрмесін өткізді, Ұлттық Отбасы күніне арналған суреттер байқауы үлкен қызығушылық тудырды, оған қала мектептерінің оқушылары қатысты. 

Елена Ивановна қала мен облыстың қоғамдық-саяси өміріне өте белсенді қатысады, жыл сайын кәсіби аспаздық іс-шараларға да араласуды ұмытпай, халықаралық деңгейде қазақ халқының ұлттық асханасын таныстырады - бұл да патриотизм және өз еліне білдірген құрметтің айқын көрінісі деуге әбден негіз бар.

«Неге екені белгісіз, бізде аспаз мамандығы аса беделді саналмайды. Бұл жағдайды өзгерту керек. Шын мәнінде, бұл мамандық басқалардан аса маңыздырақ және бедел мәселесі тіке өзімізге байланысты. Жоғары деңгейдегі дипломатиялық және іскерлік кездесулер аяғында немен аяқталады? Әрине, дәм татумен! Ал біз бүгін қандай үлкен кадрлық тапшылық көріп отырмыз! Бұл саладағы кәсіби мамандар – саусақпен санарлық қана», - дейді жаны ашып Елена Ивановна. 

Біздің кейіпкеріміз Қауымдастық жанында саңырау балалар мен есту қабілеті нашар балаларды оқыту бойынша курстар құру идеясының авторы болғаны ерекше назар аударарлық. Бүгінгі таңда 20-ға жуық түлек табысты еңбек етуде және қоғамның толыққанды мүшесі саналады.

«Қазылар алқасының мүшесі ретінде байқаулар мен фестивальдарға шақырған кезде, ұлттық тағамдарды талқылау аса ұнайды. Осының арқасында дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, рецептура туралы көп нәрсе білуге болады. Әрбір ел ерекшеліктерін көрсете отырып, жаңа, өзінің ас үйінің ерекшелігін таныстырады. Бүкіләлемдік аспаздық одақтар қауымдастығының мүшесі бола отыра, әр екі жыл сайын конгреске қатысамын. Жаңа атауларды, тағамдардың кезектілігін, сусындарды үстелге таңдау және басқа да кем тұстар мен артықшылықтарды  білу  қаншалықты маңызды екенін елестете берсеңіз болады», - дейді кейіпкеріміз.

Айта кетсек, Елена Ивановна бұрыннан Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты болып сайланып, қазір облыстық сайлау органының депутаты. Оның жеке тұлғалық беделі мен сенімі соншалықты жоғары, ол депутаттыққа үш рет қатарынан ұсынылған екен және барлық кезеңдерде бірауыздан өз сайлаушыларының қажетті дауыс санын жинай алды. 

Депутаттық тұрғыдан біздің кейіпкер қала тұрғындарымен кездесулер өткізіп, жаңа заң жобаларын, Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп, облыс оқиғаларымен таныстырудан шаршамайды. Өзінің кәсіби және депутаттық қызметі барысында Елена Ивановна халықтың қорғалмаған топтарына үнемі қолдау көрсетіп тұрады: мүгедек балаларға, сондай-ақ Қайырымдылық үйіне, Қызыл крест қоғамына, жалпы қалалық іс-шараларға белсенді қатысады, көңілділер мен тапқырлар Лигасын, ауғандықтар қоғамын қолдаудан еш жалыққан емес және бұл оның өтеусіз мейірімділігінің шағын ғана көрінісі. 

 «Мен – өте сезімтал, мүмкін, аса жұмсақ та жан шығармын. Біреулер, қарапайымдылық ұрлықтан жаман дейді. Бойымдағы осы қасиетімді өз пайдасына шешетіндер өте көп. Бұрын, біреуге көмек қолын созбай және қолдау білдірмеген кездері өзімді сол үшін кінәлі санайтынмын. Бірақ, мен ЖОҚ деп айтуды үйрендім, нақтырақ айтқанда, маған оны өмір үйретті. Бірақ, мен қатыгез, жүрегінде мейірімі жоқ жан болып кетті деген сөз емес. Қисыны келсін, келмесін, көмек сұрай беретін адамдарға жоқ деп айтуды үйрендім» , - деп шындығын жасырмады Е. Мащинская. 

Елена Ивановна «Ұлттық отандық аспаздық өнердің дамуына, оның таралуына және халықаралық деңгейде беделін арттыруға қосқан зор үлесі үшін» әлемге әйгілі VATEL (Франция) институтының марапаты – халықаралық дипломына ие болды.  

Егер оның барлық марапаттарын тізіп шығатын болсақ, уақыт та, оларды бір жерде орналастыруға орын да жеткіліксіз болар еді. Ол барлық мүмкін медальдардың иегері, оларды тізбектеп шығу мүмкін емес. 

Өткен жылы Елена Мащинскаяның белсенді қатысуымен Бурабай курорттық аймағында «BURABAY NOMAD FOOD» атты алғашқы халықаралық гастрономиялық фестиваль өтті.

Фестиваль Қазақстанда гастрономиялық туризмді дамыту және ілгерілету, аспаздық саладағы әуесқойлар мен кәсіпқойлардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсаттарын көздейді. 

«BURABAY NOMAD FOOD» халықаралық гастрономиялық фестивалі облыс лицейлерінің студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері үшін республика мен шетелдердің жетекші аспаздары мен аспазшыларынан жаңа технологияларды үйрену үшін жақсы мүмкіндік болды. 

Ал Елена Мащинская туралы  әңгімені ақын Роберт Рождественскийдің «Аспаз» өлеңіндегі: «Жер неліктен жомарт, өйткені әлемде аспаздар бар!», -  деген мәнерлі жолдарымен аяқтағым келеді.

Жер шарында Елена Ивановна Мащинская секілді аспаз мамандар, керемет және адал жандар бар кезде елімізде аспаздық бизнес пен өнер тек қана дамып, шарықтау шегіне жетіп, жеке сектор, сала ретінде қалыптасады деген сенім зор. Өйткені, болашақ – туризмдікі, ал өз кезегінде аспаздық туризм қазір бүкіл әлемде біртіндеп үлкен беделге ие болып келеді. Олай болса, біздің де әлемдік қауымдастыққа, қандай ұлттық мұраларымызды, қандай түрде таныстыратынымыз жайлы ойланатын уақыт жеткен секілді.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Оқи отырыңыз:

«WIEDERGEBURT» НЕМІСТЕР ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНЕ БИЫЛ 30 ЖЫЛ ТОЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСІ – ШЫМКЕНТТІҢ ҚХА-СЫ БИЫЛҒЫ КҮЗДЕ БІР ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТЕДІ

НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚОЛӨНЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Дата события ассамблеи: 03.04.2019

Кейін қарай