27 Қаңтар, 2016
923
Cтудент жастардың бастарын қосқан мереке
Cтудент жастардың бастарын қосқан мереке өткен жексенбіде «Достық» концерт залында өтті. Оның ұйымдастырушысы «Славян мәдени орталығы» болды. Мейрамға облыс этномәдени бірлестіктерінің жастар қанатының мүшелері қатысты. Олардың көбі – студент жастар болса, енді біреулері өмірдің бұл қызықты кезеңіне дайындалу үшін, екіншілері осы шақты еске алу үшін келгендер....
Әртүрлі ойындар, әндер мен билер мейрамды қызықты, көңілді ете түсті. Көрермендер өздерінің студенттік шағын қайта естеріне түсірді. Ресей патшайымы, Ломоносов, граф Шувалов сияқты кейіпкерлердің қатысуымен өткен қойылым мереке қатысушыларын өткен дәуірге оралтып, барлығына мерекенің шығу тарихынан сыр шертті.
Татьяна күні 1755 жылдан бастап қаңтардың 25 жұлдызында тойланатын болды. Себебі, бұл күні Ресей патшайымы Елизавета Петровна Мәскеу университетін және де екі гимназияны ұйымдастыру жөнінде қаулы шығарған. Бұл оқиға ресейлік жастарға отандық жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді. Сол себептен 25 қаңтар ресейлік жоғары білім берудің әрі студент қауымының қалыптасуының күні болып есептеледі. Ал 2005 жылдан бастап Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен бұл мереке ресми түрде бекітіліп, «Ресей студенттерінің күні» болып белгіленді. Бірақ халықта «мереке көптік етпейді» дейді ғой. Сондықтан, осы көңілді де қуанышты мерекені студент болғандар да, қазіргі кездегі студенттер де ықыласпен атап өтетін болды.
Сөйтіп, мерекеге келген қонақтар уақыттарын көңілді өткізумен қатар, қазақстандық жастардың да сүйікті мерекесіне айналған, өздерінің «кәсіби» мейрамы жөнінде көптеген қызықты деректерді біліп қайтты.
Айтпаев Максат
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ӘЙЕЛ-АНАЛАР ҚҰРМЕТІНЕ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
-
Петропавл қаласында Сабантуйдің мерекесі өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты