Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қараша, 2022

293

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын шын жүректен құттықтаймыз

Қазақстан халқы Ассамблеясының талантты да белсенді мүшелері «Қазақша сөйлейік» клубының қалаушысы Оксана Павловна НАБИЕВА мен «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының төрағасы Тимур Габдулұлы ЖҰМЫРБАЕВТЫ «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атануымен шын жүректен құттықтаймыз!



Еліміздің асыл мұраттарына қол жеткізу жолында, қоғамдық келісім мен елдің бірлігін сақтауда, Өздеріңіз сияқты белсенді тұлғалардың маңызы зор екенін ерекше атап өткіміз келеді.


Әрқашанда жүрер жолдарыңыз ұзақ, алар асуларыңыз биік, көрер қызықтарыңыз мол болсын!


Ізгі құрметпен,

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Кейін қарай