05 Наурыз, 2020
2425
«Дервиши» тобының әншісі Ділмұрат Бахаров: «Доссыз өмір бос» әні – Қазақстан халқы достығының гимніне айналса деймін
«Дервиши» тобының әншісі Ділмұрат Бахаров «Доссыз өмір бос» әнін Қазақстан халқының татулығы мен бірлігін дәріптеуге арнағанын айтады. Аталмыш әнді алғаш рет әнші 2019 жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен «Дервиши» тобының 20 жылдық мерейтойлық концертінде Майра Мұхамедқызымен бірге орындаған болатын.
«Бұл әуенді қағазға түсіргеніме көп уақыт болған еді. Біз әлемде татулық пен халықтар арасында ынтымақтың болғанын қалаймыз. Сондықтан, әуені бірінші ойға оралғанымен, әннің мазмұнын ұзақ ойландым. Әннің сөзін жазу үшін марқұм Әбдірахман Асылбек ағамызды шақырдым. Достық ұғымының мағынасы тереңде жатыр. Достық тек екі адамның арасындағы сыйластық, көңілжықпастық немесе көршілер арасындағы татулық қана емес, бұл ұлттар арасындағы бір-біріне деген құрмет екенін әнді тыңдаған әрбір адам түсінсе екен деймін.
Біздің елімізде барлық этностардың дамуына жағдай жасалған. Қазақстан халқы Ассамблеясы сол үшін құрылып, жұмыс жасауда.
Бұл ән - ізімізді басып келе жатқан жас ұрпаққа айтылған аманат.
Қордайдағы жағдайдан кейін, мен бұл ән достықтың дәріптеушісі ретінде халық арасында кеңірек таралуы керек деп ойлаймын. Достық бала кезден басталады. Аталарымыз, әкелеріміз көрген қиындықты біз көрген жоқпыз, алайда біз олардың жүріп өткен жолына құрметпен қарауымыз керек. Мен мәселен, ұйғыр ұлтының өкілімін. Алайда, кіндік кескен жерім де, Отаным да Қазақстан. Елім деп соққан жүрегіміздің арманы да ортақ — бейбітшілік пен ынтымақтастық орнаған елде өмір сүру», - дейді әннің шығу тарихын баяндаған Ділмұрат Бахаров.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының Франция Ұлттық жиналысының депутаты Бруно Фукспен кездесуі өтті
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Шығыс Қазақстан облысы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті