Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Мамыр, 2016

864

«Достық» клубтарының форумы

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Жастар қанаты төрағасының орынбасары Насибов Орханның төрағалығымен «Достық» клубтарының  форумы болып өтті. Оған               ҚХА этномәдени бірлестіктерінің төрағалары, БҚО ҚХА Жастар қанаты, «Достық» клубтарының мүшелері қатысты.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты дәстүрлер сабақтастығын сақтау мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру  мақсатында жұмыс   атқарып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жастардың заңды мүдделерін, құқықтарын реттеу саласында құрылған тұрақты ұжымдық, консультативтік, кеңесші орган болып табылады. Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты Қазақстан Республикасының конститутциясына, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жүргізеді.

Жастар қанатына облыс этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, студенттер, ауылдық жастар бірлестіктері және оқушылар кіреді. Олар білім беру қызметін, ғылыми – практикалық конференцияларды  тағы да басқа этносаралық  ынтымақтастықты нығайту бағытында іс-шаралар  ұйымдастыруда.

Осы жылы жастар қанатының мүшелері көптеген  республикалық іс-шараларға қатысты.  Орал қаласында Елбасымыздың қатысуымен өткен ҚХА –ның «Біздің қуатымыз – бірлікте» форумына, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықованың қатысуымен Ақтөбе қаласында өткен  «Менің жетістігім – Тәуелсіздіктің жетістігі» атты өңірлік форумға,  Ресей Федерациясының Оренбург қаласында өткізілген «Мы + Біз» халықаралық жастар форумына және басқа да көптеген іс-шараларға қатысты.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының жұмысының ең басты мақсаты  жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылады.

Патриотизм дегеніміз – өз елінің дамуына бүкіл күш-қуатыңды жұмсау. Өз елінің патриоты болып табылатын адам – ең алдымен, өз елінің әл- ауқатын арттыруды ойлауы керек. Біз, осы елде тұрамыз деп шешім қабылдағандықтан, еліміздің заңдарына сәйкес өмір сүре біліп, Елбасымызды мақтан тұтып, мемлекеттік рәміздерімізді қадірлеп, мемлекеттік тілімізді білуіміз қажет. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Жастар қанаты төрағасының орынбасары Орхан Насибов ұйымның алдында тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.

— Жастарды біріктіретін бірден-бір фактор – тіл. Тілді білу – сол халықтың тарихын, дәстүрін, мәдениетін білу. Қазақ тілін білу – жалынды ақын Махамбеттің, дала Демосфені Сырым батырдың шығармаларын түпнұсқада түсінуге, сол заманның қиындықтарын, халықтың арманын білуге мүмкіндік береді. Тіл мәселесінің бағытын біле отырып, біз, жастар, әрдайым өз білігімізді арттыруға күш салудамыз. Қашанда өз пікірімізді мемлекеттік тілде еркін жеткізуге тырысамыз. Жастар қанатының мүшелері өз оқу орындарының немесе «Достық» клубының атынан қалалық, облыстық, республикалық дәрежеде өтетін тіл сайыстарына атсалысып жүр. Биылғы облыстық Абай оқуларында Олег Буланов үшінші орынға ие болса, «Мемлекеттік тілім – менің тілім» атты сайыста Татьяна Рахметжанова алғыс хатпен марапатталды. Ал Дина Донскова, Рустам Абдуллаев, Илияр Муталипов секілді түрлі ұлт өкілдері қазақ тілінде еркін сөйлей алады. Біз заман талабына сай үш тілді меңгеруге де ұмтыламыз, — деді Орхан.

   

 

 

 

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ - сі

Кейін қарай