Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Ақпан, 2017

774

«Достық» клубының ашылуы

Бүгін 20-дан астам этнос өкілдері білім алып жатқан Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Достық» клубы ашылды. 
Жастардың этникалық мәдениетіне және діни ұстанымына қарамай, өзара сыйластықты қалыптастыру, қоғамдық келісім мен жалпұлттық бірлікті нығайтуды көздейтін ұйымның құрылуына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болды.

Іс-шараға ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облысымыздағы жоғары және арнаулы оқу орындарының басшылары, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, жастар ұйымдарының төрағалары мен студенттер қатысып, клубтың алда атқарар жұмыстарын талқылады.

Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратовтың айтуынша алдағы уақытта «Достық» клубтары облысымыздағы барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында ашылмақ. Клуб болашақта өңірдегі  жастар ұйымдарымен бірлесе қазақстандық патриотизмді, «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын насихаттауға атсалыспақ. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен жастар арасында ашық пікір алаңын құру арқылы жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешугеүлес қосуды жоспарлап отыр.

Кейін қарай