
05 Наурыз, 2016
1068
ДОСТЫҚТЫҢ КӨКТЕМГІ САРЫНЫ
Этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері және педагогтер Петропавл қаласында бейсенбі күні Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлт бірлігінің кепілі» ұранымен өткен достық пен келісім форумында бас қосты.
Форумды ашқан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов Елбасымыздың көктемнің алғашқы күні, Ассамблеяның құрылған күнін Алғыс айту күні ретінде жариялау фактісінің символдық мәнін, бұл түрлі ұлт азаматтарына бір шаңырақ астында тығыз бірлесіп, өз ойлары мен жарқын істерін ортақ үйдің іргетасын қалауға бағыттауына себеп болатындығын атап өтті.
Саяси қуғын-сүргін жылдары қазақтар жер аударылған халықтарды өз туған жерінде жылы қарсы алып, соңғы бір тілім нанымен бөлісті, қанатының астына алды. Дәл сол күндері біздің көпұлтты қоғамымыздағы басты құндылықтар деп танылған берік достық пен өзара құрметтің негізі қаланды. Бұл жайында «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығының төрайымы Гүлбахша Мұсабаева, поляк және корей этномәдени бірлестіктерінің басшылары Валентина Корнева және Евгений Хан сөз етті.
Бұл күні Достық үйінің сахна төрінде көркемөнерпаз ұжымдары мүшелерінің орындауында әр түрлі тілдерде әндер шырқалды. Фольклорлық би топтарының бейнелі өнері көрермендерді тәнті қылды.
Осы іс-шараның терең идеялық мән-мағынасын атап өткен жөн. Оның қарсаңында форумды ұйымдастырушылар, «Urpaq» мәдени-ағартушылық орталығының белсенділері Назарбаев зияткерлік мектебі оқушылары арасында Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Қазақстан - Менің Отаным» тақырыбында шығармалар конкурсын өткізді. Ақын өз туындыларында адамгершілік, бауырластық идеяларын, қазақ халқының рухани құндылықтарын жырлады.
Форумда конкурс жеңімпаздары - Дарина Батенова, Бану Тұрсұнқұлова және Ангелина Мыза марапатталды.
Марат Ермұқанов
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Отан қорғаушылар күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарының Алғыс айту күнімен құттықтауы
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті