Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2017

1446

Достық үйі Әдістемелік медиация кабинетіндегі дөңгелек үстел

2017 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласындағы Достық үйінде ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің әдістемелік медиация кабинеті, Алматы қалалық сотымен бірлесіп, «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісі Н.А. Альтекова сәлемдесу сөзін айтып, дөңгелек үстелді жүргізу үшін сөзді Алматы қалалық сотының судьясы Қожаханова Гүлнар Сейфуллақызына берді.

Г.С. Қожаханова Алматы қалалық сотының әкімшілік және азаматтық істері жөніндегі апелляциялық алқасының төрағасы Мәлік-тегі Бақыт Мәлікұлының баяндамасын оқыды. Онда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дауларды реттеу мен медиацияны дамытуға аса көп көңіл бөлетіндігі атап өтілді.

Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы Жақупов Жанділда Әжіғалиұлы «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотка дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны аймақтарда іске асыру» туралы баяндап берді.

Астанада өткен форум бойынша медиатор Уразбаева Гүлмайдан Аманжолқызы ҚХА «Медиацияның қоғамдық келісімді қамтамасыз етудегі рөлі» атты ұсынымдар бойынша сөз сөйлейді.

Дөңгелек үстелге қатысушы аудандық судьялар, әкімшілік басқармалары өкілдері және медиаторлар ой-пікірлерін айтып, сұрақтарына жауап алды.

КР ЖС пилоттық жобасына байланысты дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша мынадай ұсыныстар айтылды:

1) Қалалық, ауданаралық және аудандық соттарда апта сайын медиация күндерін енгізу.

2) Пилоттық жобаны іске асыруға ат салысатын ұйымдар бойынша ақпаратты қалалық сот сайтында орналастыру.

3) Даулардың кейбір санаттары бойынша тегін медиация жүргізу.

4) Ақпараттық және әлеуметтік желілерде медиация институты туралы ақпараттарды орналастыру.

Кейін қарай