Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Шілде, 2016

764

Достық үйінде өткен азалы жиын

2016 жылғы 19 шілде күні республикалық Достық үйінде Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі Алматы қаласындағы террористік шабуылға байланысты азалы жиын өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы мен мүшелері, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, Алматы қаласының аудандық мәслихат депутаттары, қала жұртшылығы, республикалық «Жарасым» жастар ұйымының өкілдері қатысты.

Отырысты бастап, жүргізген ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы - Ни Л.А. Жиналыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Микаелян Н.Г., Алматы қалалық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ниязова Н.И.,  Алматы қаласындағы кәрістердің ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Кан Г.В., «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі төралқа төрағасының орынбасары  Телегусов М.У., Алматы қаласы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры  Көбеева А.О., «NOAR» ЖШС өкілі - Құрбанова Р., сөз сөйледі. Қазақстан халқы Ассамблеясының үндеуін «Жарасым» республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары Қайрыев Р. оқыды.

Жиналыста сөйлегендер 2016 жылдың 18 шілдесі күні Алматыдағы террористтік шабуылдан қаза тапқандардың отбасыларының қайғыларына  ортақтасып, көңіл айтты. Мемлекет басшысының ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған мәлімдемесін толығымен қолдап, Қазақстан халқын ақпараттық кеңістіктегі арандатуларға сенбеуге, терроризмге қарсы топтасып, бірге күресуге, мемлекетіміздің басты құндылығы – бірлігімізді, бейбітшілік пен тұрақтылықты  сақтауға шақырды.

Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы барысында оған қатысушылар қаза болғандардың отбасыларына материалдық қолдау ретінде ақшалай қаражат жинауды ұйымдастырып, көңіл айту үшін олардың отбасыларына барды.

Кейін қарай