29 Желтоқсан, 2016
1038
«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ЖЕКСЕНБІЛІК МЕКТЕП АШЫЛДЫ
28 желтоқсан «Достық үйінде» «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің тілдерді үйрету жексенбілік мектебінің ашылуы болды. Маңғыстау облысы тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде ұйымдастырылып отырған жексенбілік мектепте қазақ және корей тілдерін тегін үйретеді. Сонымен қатар, қатысушылар бұл мектепте қос мемлекеттің мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы мен тұрмысы туралы білімдерін жетілдіреді. Дәрістер әр жексенбі сайын өтетін болады. Оған Маңғыстау облысының тіл үйренемін деп ниет білдірген кез келген жастағы, кез келген ұлт өкілдері қатыса алады. Жексенбілік мектептің ашылу күнінде-ақ 25 адам тіркеліп үлгерді. Олардың арасында, мектеп оқушылары, студенттер мен ересек адамдар, тіпті қарттар да бар.
«Адам баласы қаншалықты көп тіл білсе, соншалықты бай болады. Бұл жексенбілік мектептің жастар мен ересек буынның басын қосатыны мені қуантады. Олар тек мемлекеттік тілді ғана үйреніп қана қоймай, корей тілін де меңгере алады. Сондай-ақ, қазақ халқы мен корей ұлтының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын да зерттеуге бет бұрамыз», - дейді «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы – Раиса Маденова.
Жексенбілік мектеп ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында да өткен еді. Оған орыс, кәріс, әзірбайжан, украин этностарының өкілдерінен құралған 18 қатысушы мемлекеттік тілді үйреніп,арнайы сертификаттармен марапатталған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА ҚХА СТУДЕНТТІК АССАМБЛЕЯСЫ АШЫЛДЫ
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Алматы қаласындағы А. Розыбакиев атындағы №153 мектеп-гимназиясының директорымен кездесуі өтті
-
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Астанада “Мектепке жол” ҚХА қайырымдылық акциясы аясында 200-ге жуық бала мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілді
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚХА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ