29 Қараша, 2018
1467
ДЖЕЙСАН КИМ: ҚАЗАҚ ТІЛІ КӘРІС ТІЛІМЕН ҰҚСАС, ҚАЗАҚ ПЕН КӘРІС — БАУЫРЛАС ХАЛЫҚТАР
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын марапаттау рәсімінде біршама жеңімпаздар сөз сөйледі. Солардың бірі – Қарағанды қаласынан келген Джейсан Ким Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» атты өлеңін оқып берді.
Джейсан қазақ тілін көптен бері үйреніп жүр, өйткені бала кезінде оны ата-анасы Қарағанды облысының Қарағайлы ауылында тұратын әжесі мен атасының қолына қалдырып кететін болған. Сол ерте жастан бастап қазақ тіліне, салт-дәстүрлеріне үлкен қызығушылығы ояна бастаған.
«Қазақ тілімен, ерекшеліктерімен, мысалы, сингармонизм заңымен жақын танысқан кезде, сізде дауыс, менталитет өзгереді, басқа адам бола бастайсың. Қазақ тілі кәріс тіліне ұқсас, қазақ пен кәріс – бауырлас халықтар деп айтуға болады. Мен қазақ әдебиетін оқығанды ұнатамын. Қазір Абайдың «Қара сөздерін» оқимын. Бұл кітапта барлық өзекті тақырыптар қамтылған», – дейді конкурс жеңімпазы.
Джейсан достарымен қазақ тілінде сөйлеседі және ауылда болған кезде қолданады. Ол қазақ тілін білу өте сәнді екенін атап өтті.
«Бұл өте қызықты, бай және қарапайым тіл. Мен қазақ тілінен көптеген олимпиадаларға қатысамын. Достық үйінде қазақ тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын насихаттауға бағытталған «Мың бала» жобасы бар екенін біліп, қатысуға шешім қабылдадым», – деді ол.
Джейсан қазақ тілін еркін меңгерген түрлі этностардың балаларының көптігіне таң қалды. Олар (қатысушылар) тілді жақсы деңгейде түсіну қиын емес екенін тағы да дәлелдейді.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл адамдар бірлікке, бауырластық пен достық қарым-қатынасқа бағытталған ұйым. Мұнда жеке көзқарастар жоқ, адамдар қоғам игілігі үшін жұмыс істейді, олардың ортақ мақсаттары бар», –деді Джейсан.
Нұргүл ШАТЕКОВА
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 29.11.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Конституция күнімен құттықтауы
-
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Алтын күз» мерекесін атап өтті
-
Астанада “Мектепке жол” ҚХА қайырымдылық акциясы аясында 200-ге жуық бала мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілді
-
Шығыс Қазақстан облысында «Бірлік» халықаралық жастар лагері өтті
-
АЛМАТЫДА КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ КҮНІ САЛТАНАТПЕН ӨТТІ
-
«Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшылары Душанбедегі Тәжікстан мен Қазақстан жастары форумының жұмысына қатысты
28 Тамыз, 18:45
Ақмолада өткен ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
27 Тамыз, 20:02
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
27 Тамыз, 18:05
Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мектепке жол” акциясы Жамбыл облысында
29 Тамыз, 17:33
ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
28 Тамыз, 18:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қостанайда өткен қос шара