
07 Қыркүйек, 2016
883
Еңбек дауларын жаңа Еңбек кодексіне сәйкес шешу жолдары
6 қыркүйек күні Алматы қалалық туберкулезге қарсы диспансерде «Еңбек дауларын жаңа Еңбек кодексіне сәйкес шешу» атты семинар өтті. Ауқымды іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің республикалық-әдістемелік медиация кабинеті мен Алматы қаласы ҚХА хатшылығының жанындағы Қоғамдық келісім кеңесі «Concord Education Center»-мен бірлесе ұйымдастырды.
Семинар өткен қалалық туберкулезге қарсы диспансерді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Алдағы уақытта аудандық туберкулезге қарсы диспансерлердің бір орталықтандырылған жүйеде жұмыс істеу жобасы қолға алынбақ. Жаңа жобаға сәйкес, мекемеде қысқартулар, төлемдердің азаюы, аударма, лауазымның сақталып қалуы, т.б. өзгерістер орын алуы мүмкін. Осының барлығы жаңа Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы келісімді қайта түсіндіруді қажет етеді. Жұмысшылардың еңбек құқығы қалай қорғалатыны да олар үшін өте маңызды мәселе.
Семинар барысында жетекші сарапшы Н.А. Альтекова сөз сөйлеп, бұл жағдайда диспансер қызметкерлеріне республикалық медиация кабинеті мен Қоғамдық келісім кеңесі қандай қолдау көрсете алатынын айтты. Іс-шараға қатысқан диспансер қызметкерлері медиация кабинеті мен Қоғамдық келісім кеңесінің мекен-жайларын жазып алып, қандай да бір сұрақтар туындаса хабарласатындықтарын айтып, алғыстарын білдірді.
Ал лектор Г.А. Урозбаева еңбек шартындағы жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қатынастар жаңа Еңбек кодексінің қай баптарымен реттелетініне, келісу комиссиясын құру рәсімдеріне, оның жұмысының қағидаттарына жан-жақты тоқтала кетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ЖАҢА ӨМІРДІҢ ЖАРҚЫН БАСТАМАСЫ
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі