Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2023

161

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МИНИСТРІНІҢ АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 жылғы 30 қарашада Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы активінің ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы Жақыповамен кездесуі өтті.

Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясындаАссамблеяның мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын күшейту туралы тапсырмасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге Қазақстан халқы АссамблеясыТөрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтікқорғау министрлігі мен ҚР Мәдениет және ақпаратминистрлігі Этносаралық қатынастарды дамытукомитетінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан халқыАссамблеясының мүшелері мен еліміздің барлықөңірлерінен ҚХА қоғамдық құрылымдары (Аналаркеңесі, Медиация кеңесі, этномәдени бірлестіктер) қатысты.


Іс-шарада ел дамуындағы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің рөлі, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру арқылы азаматтық бірегейлікті нығайту, сондай-ақ Министрлік қызметінің осы бағыттағы қызметіталқыланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Қатысушылар Ассамблея активі мен мемлекеттік органдар өкілдерінің осындай бірлескен кездесулерін тұрақты түрде өткізіп тұрудың маңызы мен қоғамға қажеттілігін атап өтті.


Кейін қарай